Желіде ашық-шашық суреттерін жиі жариялайтын Алтынай Жолдыбаева оқырмандарына өкпелі! «Шоу-бизнестегі сұлулар жұмсақ креслода отыратын ағалардың тоқалы», - деген қаңқу сөз әншінің көңіліп күпті етсе керек.
Алтынай Жолдыбаева, әнші:
- Мен мысалы ешқашан, жігітің қалтасына қараған адам емеспін. Көп адамдар шатастырып жатады, айтып жатады ой мына эстрада әншілері, бір-бір ағадан ұстап алған ғой деп мысалы, иә.
Осылайша, ағынан ақтарылған ару, ақталып әлек. Кіші Жолдыбаева «мейлі таз болса да, ақшасы аз болса да» тек сүйген жігітімен көңіл қосуға құлықты.
Алтынай Жолдыбаева, әнші:
- Мен үшін менің жан дүниеме, сол адамның жан дүниесінің бірге болғандағы гармониясы, яғни бұл жерде ақша да ешқандай рөл ойнамйды, бұл жерде жас та ешқандай рөл ойнамайды.
Алтынайдың бұл күйі Лидоға да жақсы таныс. Себебі, кезінде әншіге де «біреудің тоқалысың» деп, желіде шабуыл жасағандар көп болған.
Лидо, әнші:
- «Лидо егде жастағы, байлығы тасыған ер азаматқа тұрмысқа шыққан. Толық, түрі жаман, кәрі болған соң, сүйіктісін жасырып жүр» - деген сөздерді жиі еститінмін. Енді, ағашка болмаса да, сүйіктім бар екенін жасырмаймын.
Ал Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар «ағашкалары» бар құрбыларын сынның астына алудан аулақ! Кей сылқымдардың қаржылай демеушісі болуын, заңды құбылыс санайды ол.
Әсел Асқар, актриса:
– Бұған көзқарасым бірқалыпты. Себебі, нәзік жандардың табиғаты қамқорға зәру болып келеді. Осы орайда, ерлердің көмектесуі орынды дүние.
Сондықтан да, сылқым үлкен жастағы ер адам мен бойжеткеннің қол ұстасып бара жатуын ерсі көрмейді.
Әсел Асқар, актриса:
- Мұның айыбы жоқ. Егер бойжеткен үлкен ер адаммен кездесіп жүрсе, оны қылмысқа балаудың қажеті қанша? Бастысы, ару өзгенің отбасын бұзбаса болғаны.
Ал «ағашкаң бар» деген жұрттың айыптауынан мезі болған Сая Оразғалиева, Фарема Қазақбаева мен Луина «Строго без ағашки» жобасын қолға алған еді. Тіпті, желіде арнайы хештегпен бастама көтерген сылқымдар бұл әрекеттерімен өздерінің ақ екенін дәлелдеп қана қоймай, қыздарды үлкен жастағы ерлердің арбауынан аман алып қалмақ болған-ды.