Памела Андерсон продюсер Джон Питерсқа тұрмысқа шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Памела Андерсон продюсер Джон Питерсқа тұрмысқа шықты! Бірақ қос жұлдыздың неке қию рәсімдері жасырын өткен. Джон бір сөзінде Памеланы 35 жылдан бері күтіп жүргенін айтқан екен. Осыған қарап жанкүйерлер «Питерсты соншама уақыттан кейін арманына жеткен жігіт» деп жарыса жазуда. Естеріңізге сала кетейік, жұлдызды жұптың арасында ширек ғасыр бұрын махаббат ұшқыны жарқ еткен, бірақ алау сезім көпке созылмаған. Бұл Памеланың бақытты болуға талпынған 5-ші әрекеті. Ол осы уақытқа дейін 4 рет ажырасқан.

Тейлор Свифт Джастин Биберды Голливудтағы жаттығу залынан қуып жіберді. Себебі қос өнерпаздың залдағы уақыттары түйіспесе керек екен. Бірақ Джастин бұл ережені ескермеген. Есесіне Тейлор ішке кірер кезде, Биберды ғимарат әкімшілігі сыртқа шығарып жіберуге мәжбүр болған. Естеріңізге сала кетейік, Бибер мен Свифт арасында бұған дейін «Big Machine Records» альбомына байланысты үлкен дау туындаған еді. Содан бері екеуі де бірін бірі ұнатпайды.

Виктория Бекхем жары Дэвидтың құпиясын жария етті! Инстаграмға «Ертеңгі күнге әзір болу үшін, киімдерін бүгін дайындап қояды», - деп жазба қалдырған оған, жанкүйерлері күйеуінің талғамы жоғары екенін жарыса жазуда. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дэвид Бекхем де жұбайының қалай селфи жасап жатқанын желіге жүктеген болатын.