Актер Артур Төлеповтың тұңғышы Абылайхан бір жасқа толды. «Біздің шалабай батымырымыз 1-ге толды», - деп қуанышымен бөліскен актер ұлының ай-күніне жетпей туылғанын айтқан. Өнерпаздың қуанышына ортақтасқан оқырмандар шалабайлардың мықты болатынын жазып, игі тілектерін жаудырып жатыр.
Жұлдыз Өмірғали жарын күн сайын таңқалдырып жүр! Мальдивтегі соңғы демалыс күндерінде жұбайлар флайбордта бағын сынап көрген еді. Өзінің жолы болмай, құрылғыдан бірнеше рет құлаған Айқын сүйіктісінің шеберлігіне тамсанды. Оқырманның кейбірі Жұлдыздың ержүректілігін мақтаса, енді бірі бимен айналысқанының нәтижесі десті. Пікір жазушылар арасында әнші Жазира Байырбекова да бар. Жанболаттың жары: «осылай дәлелдемесе, мойындайтын түрлерің жоқ», - деп қалжыңдаған.
Продюсер әрі тележүргізуші Салтанат Қалиева әлеуметтік желідегі инстаграм аккаунтын саудаға қойды. 211 мың оқырманы бар парақша аталмыш желінің көк белгісіне, яғни тұлғаның ресми түрде растауына ие болған. Сондықтан да, оқырмандар түрік елінде демалып жүрген медиатұлғаға аккаунтын сату қиындық тудырады дес-ті.