Карл Лагерфельд дүниеден өтсе де, Вирджини Виар әйгілі шебердің орнын жоқтатпақ емес! «Chanel» сән үйі бәз-баяғыдай өз дәстүрін жалғап, кезекті көрсетілімін фэшн шоуға айналдырды.
Париждың қақ төрінде, Гран-Паледе өткен көрсетілім қонақтары католиктер шіркеуі маңына саяхаттағандай күй кешті. Брендтің креативті директорына бұл жолы Обазин аббатығы шалқар шабыт сыйласа керек. Кезінде әкесі тастап, анасы көз жұмған соң, Шанелдің балалық шағы дәл осы аймақтағы жетімдер үйінде өткен еді.
«Chanel»-дің су жаңа коллекциясы да таңдалған тақырыпқа сай тігілген. Топтамадағы тың үлгілер балалар үйінің тәрбиеленушілері мен монах әйелдері киімдерін еске салды. Образдардың барлығынан ұстамдылық байқалады.
Ал, тың топтаманы таныстыру Кайя Гербер, Джиджи Хадид сынды супер-сәнбикелерге табысталды.