Шығармашылық тоқырау, ұзақ уақыт өнерден қол үзу, шабыттың сарқылуы –әртіс біткенді күйзеліске әкеп соқтырады. Мәселен, дәл осындай сезімді бастан кешкен әнші Диная кезінде сахнадан 1 жылға алыстап, күйзелісін күйттеген болатын. Ақыр соңы өзімді жоғалтқандаймын деген ол, лақап атын өзгертіп, бұл шырмаудан шыққан еді.
Келинка Сабинаның құрбысы, Айнұр Ильясова болса «жанжегіні еңсерудің жақсы жолы, жұмысқа баспен кіріп кету», - дейді. Декреттік демалыста отыру актриса үшін қорқыныш тудырған болуы керек, ол бірден белін буып жаңа жобаларға атсалысуды бастап кеткен.
Айнұр Ильясова, актриса:
- Бірден жұмысты бастап кетсең, саған ешқандай депрессия тиіспейді. Сондықтан қызу жұмысқа бірден кіріп кеттік.
Гүлзира Айдарбекова күйзеліске аса бейім болмаса да, отбасы мен ұлы жайлы қаңқу сөздердің шаншуша қадалатынын жасырмайды. Ат төбеліндей жыл сахнада жүрген Қайратқа сын сөздің толастамауы, ана жүректі ауыртады екен.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
– Ана болғаннан кейін кейде енді маған тиіскен жақсы да. Ал енді соның бәрін көріп отырып, қара тер, ала тер болып мысалға халыққа бар несін беріп жатады кейде. Соны жоққа шығарып отырған кезде, ойлаймын өзі бір мықты болып тұрып, балама сын айтса болады да. Адам мысалыға бірінші өзін дәлелдетсін, одан кейін барып жұртқа сын айтсын, дұрыс па?
Ал вайнер Артур Асқарұлы күйзеліске уақытының жоқтығын айтады. Бүгінде саяхаттау мен өзін дамытуды шындап қолға алған сері, өмірді қызықты өткізу керек деген пікірде.
Артур Асқарұлы, блогер:
- Шыны керек, есімде жоқ. Жасөспірім кезде болған шығар. Бірақ қазір ештеңеге мән бермеуге тырысамын. Күйзеліске бейім кейбір достарым бар, оларды да әрқашан сергітіп жүремін. Өмір қысқа!
«Жас кезде жақсы-жаманды көрген дұрыс. Бірақ, бұның ешқайсысы жанжегіге сеп емес», - дейді Дариға Бадықова. Тіпті актриса қара аспандай түнеріп жүретін әртіптестерін сынап тастады.
Дариға Бадықова, актриса:
– Ондайға жоқпын мен. Не көрінді сонша? Өзі бір-ақ рет берілетін өмірді қайғымен өткізіп не көрінді?