Миланның ізін ала, шымылдығын түрген Paris Fashion week әлемнің ең стильді сұлулары мен серілерін жинады! Тіпті олардың арасында, танымалдар да жетерлік. Мәселен, Cardi B әсемдік шарасында эпатажды образымен таңқалдырса, Джеки Чан алдыңғы қатарда отырып топтамаларды тамашалады.
Ән мен сән! «Valentino» бренді бұл жолы дәл осы екі ұғымды тоғыстырғысы келгендей. Екі өнерпаздың әсем әнінің сүйемелдеуімен таныстырылған ерлер топтамасы, қарапайымдылығымен ерекшелене білгендей. Ондағы үлгілер қара, ақ, қоңыр түстерден құралған.
Ең сәнді Бэкхемдер әулеті болса, «Christian Dior»-дың топтамасын алғаш болып тамаашлауды міндет санапты! Сұр түске басымдық танытқан сән үйінің коллекциясы көбіне классикалық үлгілерден құралған. Брендттің пайымынша, жігіттер ұзын пәлтелер мен жейделер, қырлы шалбарлар пен костьюмдер киюі тиіс!
Louis Vuitton көрсетіліміне асыққан Белла Хадидтің төңірегіне көпшілік қаумалады[N1] . Ал әйгілі сән үйі фэшн шоуға «Жер бетіндегі Жәннат» деген ат қойып, меймандар өздерін жұмақтағыдай сезінуі үшін барын салды. Көк аспан түстес безендіру мен жерде домалап жатқан алып қайшы, ине-жіп пен қарандаш кімді болса да ерек әсерге бөлейтіні сөзсіз.
Топтаманың өзіне келер болсақ, сән әлемінің сыншылары үлгілер «ұстамды әрі қатал стильде әзірленген» деп өз бағасын берді.