Әнші Холзидің жанкүйерлеріне жағымды жаңалық!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі, әнші Холзидің жанкүйерлеріне жағымды жаңалық! Талантты өнерпаз, өзінің көптен күткен су жаңа альбомын жарыққа шығарды.

«Manic» атауына ие болған жинақ толығымен фортепиано және гитара сынды музыкалық аспаптардың көмегімен жазылған.

Өзінің ерекше дауысымен көптің көңілінен шыққан Холзидың бұл еңбегіне, Джастин Тимберлейк пен «BTS» тобының мүшесі Мин Юги көмектескен екен. Музыканттар 16 тректен тұратын альбомның туындыларын жазуда өз үлестерін қосқан.

Бірер күн бұрын су жаңа альбомын ұсынған Эминемнің басы дауға қалды. Оған әйгілі рэпердің альбомға енген «Music To Get Murdered By» трегі себеп болып отыр. Музыкант аталмыш туындыға 2017 жылы Ариане Гранденің концертінде орын алған терракт жайлы жазса керек. Тректе «Мен Ариананың концертінде өзін жарып өлтірген адам сияқтымын» деген тіркестер кездеседі.

Гранденің экс-ғашығы Мак Миллердің де үнтаспасы жарық көрді.

2018 жылы қыркүйек айында бақилық болған рэпердің құрметіне арналған жинақ «Circles» деп аталады. Альбомда музыканттың жарыққа шықпай қалған тректері мен ескі хиттерінің демо-нұсқасы ұсынылған-ды.

Дәл осы өнерпаздардың еңбектері бүгінде әлемдік «iTunes» музыкалық платформасында көш бастап тұр.