«AMOuAGE» тобының мүшесі Анастасия Клещенко 33 жасқа толды! Әнші туған күнін тек жақын құрбыларының арасында ғана атап өтті.
Анастасия Клещенко, «AMOuAGE» тобының әншісі:
- Білесіздер ме, мен әр туған күнімді бірдей қарсы аламын. Әдеттегідей түңгі 12 де құттықтайды, таңертең мен шаңғы тебуге барамын. Кешке құрбыларыммен жиналамын. Бұл бір дәстүр сияқты.
Ашық-шашық образдарымен танылған бикеш, бүгінде бар уақытын өзіне арнайды. Екі бірдей қызы бар әнші мінсіз мүсінімен де көпшілікті таңқалдырып жүрген жайы бар.
Анастасия Клещенко, «AMOuAGE» тобының әншісі:
-30 жасыма дейін мақсат қоюды білмейтін едім. Біздің ата-анамыз қатып қалған заңға бағынады. Мектеп, университет сосын тұрмысқа шықсаң болды. 30-дан асқаннан бері мен ойлана бастадым, өмірден ләззат алуды үйрену керек екен деп.
Анастасияның бүгінде шығармашылығы ғана емес, жеке өмірі де жұрт назарында. Экс-күйеуі Алан Черкасовпен бірнеше мәрте қайта қосылған әнші, серімен қарым-қатынасын үзгенін айтады. Тіпті бикеш, жаңа ғашығын да кездестіріп үлгерген көрінеді.
Анастасия Клещенко, «AMOuAGE» тобының әншісі:
-Жеке өмір ол әрдайым барлығына қызықты. Мен көпшілікке көрсетуді ұнатпаймын. Жеке өмірімде барлығы керемет. Себебі, сүйемін және сүйіктімін.
Настяның фанаттары жүрегін жаулаған серінің, жаттықтырушы болуы әбден мүмкін деген болжам жасаған еді. Себебі, әнші спорт залда ғашығымен бірнеше мәрте көзге түскен.
Анастасия Клещенко, «AMOuAGE» тобының әншісі:
- Менің жігітім жаттықтырушы емес. Бірақ менімен спорт залға барады. Шынымды айтсам ол бұл қаладан емес.
«AMOuAGE»-дық әнші, сүйіктісін әзірге құпия ұстауды жөн санап отыр. Өнерлі ару қайта тұрмысқа шығып жатсам, ресми түрде таныстырамын деп уәде берді.