Мен қарсымын! Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа қозғалыс бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезінде соққыға жығылып, экс-күйеуінен таяқ жеген Баян Алагөзова тұрмыстық-зорлық зомбылыққа қарсы тұрмақ! Өзінің көргенін өзгелер бастан кешірмесін деген продюсер, аталмыш мәселеге қатысты маңызды конференцияның қатысушысы атанды.

Баян Алагөзова, продюсер

- БАҚ өкілдерінсіз, БҰҰ-ның ғимаратында жабық пресс-конференция өтті. Онда Гүлшара Наушаевна бастаған әр саланың өкілдері қатысып, 4 сағат бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңды талқыладық.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заңнын олқылықтарын айтып, желі арқылы жеткізген де алғаш Мақсатқызы еді. Енді ол, сәтін салса «Әйелдер ісі бойынша ұлттық комисияның» қарамағындағы жұмысшылар тобын басқармақ. Продюсердің айтуынша, аталмыш ұжым қабылданған заңның тағы да өзгеруін қадағаламақ.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Маған күйеуінен таяқ жеген әйелдер жиі хабарласып, дайрегіме жазып, өздерінің фотоларын жібереді. Алайда, полицияға арыз түсір деген кезде әңгіме жабылады. Себебі, бізде полицияның өзін сатып алуға болады. Күйеулері келіп, полиция өкілдерімен келісе алады.

Одан бөлек, Мақсатқызы желі арқылы #Мен қарсымын хештегімен, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа қозғалыс бастады. Жаңа флешмобты қолдағандар арасыда өнер өкілдері жетерлік.

Толқын Забирова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Әрине мен қарсымын. Ешкімнің ешқандай қақысы жоқ әйел жанға қол көтеру, жаман сөз айту. Бұндай ерсі қылықтардың көбісі тәрбие көрмегендіктен деп ойлаймын. Сосын сауатсыздықтан, санасыздықтан.