Әлемнің ең стильді серілерін жинаған Миландағы әсемдік апталығы да өз мәресіне жетті! Фэшн уиктің соңғы күні сән саласының кіл мықтылары топтамаларын таныстырды. Соның бірі – «Gucci» бренді болды.
Алессандро Микеленің Gucci брендінің креативті директоры қызметін атқарғанына биыл 5 жыл. Соған орай, дизайнер кезекті коллекциясына #RaveLikeYouAreFive яғни #бесжасарбаладайкөңілкөтер хештегін арнаған. Ал «сексизмге қарсылық» тақырыбын көтерген фэшн-шоуда, арулар жігіттер сынды киінсе, ерлер қауымы сән мінберіне көйлекпен шығып таңдандырды.
Ал Giorgio Armani нaute couture мен techwear-ды тоғыстыра білді! Брендтің су жаңа коллекциясында технологиялық, күнделікті өмірде киюге арналған үлгілер ұсынылды. Алып күртешелер, кашемир мен жүн матадан тігілген образдар. Қысқасы, бұл топтаманы таңдаған жігіттер жаурап қалмасы анық!
Фэшн апталықтың соңғы нүктесін Marcelo Burlon тұйықтады. Небәрі 8 жылдың ішінде әлемді аузына қарата алған сән үйі, бәз-баяғыдай «стрит стайлды» дәріптейді. Шолақ шалбар, былғары күртеше мен күдері пенжек – бұл нағыз көше жігіттеріне арналған топтама.