Q-pop орындаушылар енді режиссер! «EQ» тобының мүшесі Tiko, Нұржан Керменбавтың бейнебаянын таспалап берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«EQ»-лік жігіттер бүгінде әншіліктен бөлек өздерін түрлі салада байқауда. Өнерпаздар биден сабақ беріп, композиторлық қырынан да танылып жүрген жайы бар. Тіпті, топ мүшесі Tiko енді режиссерлықты да қолға алған.

Tiko, «EQ» тобының әншісі:

- Жалпы негізінде, мен режиссерлыққа өзім баяғыдан қызығамын. Себебі, мені арманым да кино түсіру. Ол план на будущее дейді ғой. Қазір әзірге дайын емеспін, киноға кірісетіндей бірақ төрт бес жылда кейінгі ойларым бар негізінде киноға.

«EQ»-лік мембер осылайша, дебютты жұмысын Нұржан Керменбаевтың клипін таспалаудан бастады. Ұсыныс Русс Менди есімімен танылған жас әншіден түскен екен. Ал бейнебаянын кәсіби режиссер емес, сахналық әріптесі таспалайтынын естігенде қара бала қатты таңқалған көрінеді.

Tiko, «EQ» тобының әншісі:

- Ең басында түсінбей қалған сияқты. Ей сен ана әнші емессің ба, ана «EQ» тобындағы бала емессің ба. Басында андай таң қалып қалды. Сосын жұмыс барысында. Вроде бы идеямды айттым. *Келісті. *04:43 Нұржаннан вообще анандай, артық дым болған жоқ.

«EQ»-лік мембер бейнебаянды небәрі 2 күнде таспалапты. Өнерпаз өз еңбегі үшін гонорар да алған.

Tiko, «EQ» тобының әншісі:

- Жалпы гонорар 100 мың смены. Бірақ Руслан Менди, баяғыдан таныс болған соң бірге істедім. Сол екі сменді 100 мыңға шығарып берді.

Тико таспалаған бейнебаян Нұржан Керменбаев пен жас өнерпаз Русс Мендидің ортақ туындысы.

Tiko, «EQ» тобының әншісі:

- Жалпы оның бюджетіне көп кеткен жоқ негізінде. Бар қолымыздан келгенін жасадық. Бюджеті ана жақта 2 млн 3 млн болған жоқ. Максимум бюджет млн болды деп айтсам болады. Общий млн бір жүз сондай кетті. Клипке кеткен қаражат примерно 700 мың ба сондай.

Ал Тиконың тырнақалды туындысына көрермен бірер күнде баға бере алады! Q-pop өкілінің өзі болса, ары қарай да режиссерлық қырын дамытуға ниетті.