Биыл қандай отандық картиналар жарық көреді?

Сообщить о проблеме с эфиром

2020 жыл отандық киноман үшін тың туындыларға толы болмақ! Мәселен, Нұртас Адамбай «Келінка Сабина» кейпінде көрерменмен қайта қауышуға ниетті. Халықтың ықыласына бөленген туындының 3-ші бөлімінде де бәз баяғы Сабина мен оның құрбысы Алтыншаш бас кейіпкерлер. Одан бөлек, лентада Санжар Мәдиев пен Баян Алагөзова да төбе көрсетеді.

Нұртас Адамбай, режиссер:

- Біз бүкіл картинаны 16 күнде таспаладық.

- Сапасына әсер етпейма ол? Бұған дейінгі бөлімдері, «Келінка Сабинаның» қанша күнде таспаланып еді?

- Бірінші Сабинаны 16 күнде, екіншісін 17-күнде таспаладық.

- 16 деген сүйікті саныңыз сияқтығой.

- Солай шығар иә.

- Несімен ерекшеленеді үшінші бөлім?

- Әзірге ол құпия. Сюжетті ашып айтқымыз келмейді. Бірақ Сабинаның жаңа хикаялары өте қызық болады.

– Біз осында түсірлімге келе жатқанда сіз айттыңыз, сіз образ туралы айтпаймыз деп. Образ демек өзгеріп жатыр ғой? /показать/

- Иә, өзгерістер бар.

Ал осы күнге дейін комедиялық картиналар таспалап келген Нұрлан Қоянбаев романтикалық бағыттағы тырнақалды туындысын ұсынбақ.

 

Қос ғашықтың махаббат хикаясынан сыр шертетін «My love is Aisulu» фильмі Лос-Анджелесте таспаланды.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- Бұл кинода мен өзім продюсер ғана боламын деп шешкем басында, өйткені рөл маған сәйкес келмеді. 2 актерға ұсыныс жасадық бірақ ол кісілер жобалары болды ақпан айында. Олар біздің киномызға түсе алмайтын болғандықтын, барлығымыз шешіп өзім ойнайтын болдым.

Әріптестерінен қалмай, Жеңісхан Момышев те қызықты картина ұсынуға құлықты! Жуырда ғана продюсерлікті қолға алған ол, сүйіктісін іздеп, шекара асқан Асқар есімді азамат туралы «Базар жоқ Мексика» фильмін таспалады. Картинаның түсірілім жұмыстары Қазақстан мен Мексикада өтті.

Жеңісхан Момышев, режиссер, продюсер:

- Кішкене халық демалып, күліп, өзіне-өзі күліп қайтсын деген оймен «Базар жоқ, Мексика» деген туынды, франшиза жасап жатырмыз. Бұл, Алла бұйыртса, 1 кинодан қалып қалмайды. Алла бұйыртса дүние жүзіне шығамыз.