Димаш Құдайберген Қытайда өткен «Jstyle 2019» марапатында «Жылдың үздік әншісі» атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

11-ші қаңтар Қытайдың Пинъяо қаласында өткен «JSTYLE 2019» байқауында Димаш Құдайберген Азияның «сен тұр, мен атайындарын» артта қалдырып, «Жылдың үздік әншісі» атанды. Қызыл кілем үстінде жасындай жарқыраған Димаштан қолтаңба сұрағандардың санында шек болмады. Тіпті кей басылымдар оны k-pop өкілдері - «BTS» тобын басып озды деген ақпарат таратып жүр.

Қайда жүрсе де қазақылықты тұмар еткен Димаш жергілікті арнаға сұқбатты ана тілінде берді.

Димаш Құдайберген, әнші:

– Әрине, қарап отырсам осында жүргеніме үш жылдай уақыт болыпты. Былтыр осы «ССТВ» арнасының ұйымдастыруымен өткен ең танымал деген «Spring gala festival» бағдарламасының концертінің қонағы болдым. Сол себептен өте қуаныштымын бұл мерекені сіздермен өткізіп отырғандығыма.

Әлемді аузына қаратқан шараның түрлі қызықтарсыз өтпесі белгілі. Димаш әнін шырқап жатқанда, Азияның белді сәнбикесі сахнада сүрнігіп кетті. Абдыраған аруды демеп жіберген Димашқа зал өре түрегеліп қол соқты. Қала берді, көлікте өз кезегін күтіп отырған әншіні жүздеген жанкүйерлері қоршап алып, ізгі тілектерін жаңбырша жаудырды. Оларға рақметін айтқан Құдайберген-тегі тыңдармандарына жаурап қалмай, жылы жерге баруын өтінді.

Еске салсақ, Димаш жақында ғана ресейлік продюсер Игорь Крутоймен қош айтысқан болатын. Бүгінде корейлік Сонг Кван Сикпен қарқынды жұмысқа кірісіп кеткен ол, көп ұзамай жақсы жаңалықтың болатынын айтты.