50-ге келген Бақыт Шадаева, неліктен ұлан асыр тойдан бас тартты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Бақыт Шадаева 50 жаста! Талай жыл сахнада жүрген өнерпаз өзінің мерейтойын дүркіретіп атап өтуден бас тартып, тек ет жақындарын жанына жинады.

Бақыт Шадаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Негізі енді әйел адамға әрдайым енді ол, қалай айтсам енді 50 жасқа толу деген атаудың өзі, көбісінің жаңағы тілі бұралмайды ғой енді, айтады ғой қыздың жасы әрдайым он сегізде деп, сол себептен жаңағы кішігірім өзімнің достарыммен арасында.

17 жасынан бастап сахна төрінде жүрген әнші, талай музыкалық конкурстардың жеңімпазы ретінде танымал. Алайда, «Аңса жаным», «Жауын», «Алматым – сұлу астанам» атты хиттерді шырқаған өнер иесі бүгінде бұрынғыдай сұранысқа ие еместігін жасырмайды.

Бақыт Шадаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Қазіргі таңда, өзіңіз білесіздер, жаңа жастар шығып жатыр, жастар әрдайым өзінің жастарын қолдау бастайды. Бізде кезімізде өсіп келе жатқан кезде сол жастар қолдайтын сондықтан мен түсінемін оның барлығын. Бірақ бізде қалыспаймыз.

Кішігірім пати ұйымдастырған Шадаеваның қуанышынан Мақпал Жүнісова, Нағима Есқалиева, Меруерт Түсіпбаева және Жеңіс Ысқақовалар табылды. Өнерпаздар мерейтой иесіне әндерін арнап, кештің көркін қыздырды.

Гүл шоғының астында қалған Шадаева, кеш қонақтарын құр алақан қалдырмады. Әнші бірер күн бұрын туған күнін тойлаған өнердегі әпкелері Мақпал Жүнісова мен Нағима Есқалиеваға алтын жүзік тақты.

Есесіне, қонаққа келген өнер өкілдері бағалы сыйлық емес, жүрекжарды лебіздерін білдірумен шектелді.

Жеңіс Ысқақова, әнші:

- Мен «Гүлдер» ансамблінде жұмыс жасап жүргенде, Бақыт жас әнші болып біздің ансамблге келді. Менің артымнан келген ізбасар болды. Содан басталды шығармашылық достығымыз.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

- Эстрада жанры Қазақстанда дамып жатқанда біз Бақыт екеуміз жаңа шыққан жас әнші болатынбыз. Енді ол кезде инстаграм жоқ, фейсбук жоқ, ютуб жоқ тек қана біз теледидар арқылы танымал болатынбыз. Ол танымалдылық бізге күрделі жолмен келді.

Бақыт Шадаева бүгінде сұлулық эталонына айналған десек артық айтпаспыз. 50 жасқа толса да, жас көрінетін әншінің сымбаттылығына әріптестері де қызығатын сыңайлы.

Нағима Есқалиева, ҚР Халық әртісі:

- Күн санап жасарып келсің. Осы қалпыңнан тайма.