Жыл бойы артынан дау арылмаған жұлдыздар жетерлік. Бірі у-шуды жоспарлы түрде жасаса, енді бірі кездейсоқ қармаққа іліккендер. Мысалы юфреймдық қыз-жігіттер Ресейлік ағайынды Запашныйлардың хайуанаттар циркіне қолдау білдіреміз деп Қазақстандықтардың ашуына тиіп алды.
Арман Юсупов, блогер:
- Бұл ролик – әлдекімнің намысына тиіп кеткен болса, сезімдерін таптаған болса, бірінші кезекте сол адамдардан кешірім сұраймын. Негізінде мәтінде айтарлықтай қорқынышты астар да жоқ. Бұл бір жыл бұрын туған идея еді. Ағайынды Запашныйлар «бірігіп түсірейік» деп ұсыныс білдірді. Біз мүмкіндіктеріміз бен локацияны көрдік. Бәрі сәйкес келгендіктен келістік. Бар болғаны осы.
Юфреймдықтар тек қана халықтың қаһарына ұшыраса, медиа тұлғалар бір-бірімен жүз шайысып, мәселелерін майшаммен қарау үшін сотқа жүгініп әлек. Таблоид беттерінен түспей, біраз шу тудырған Нұрболхан Шарапов, Бибігүл Дәулетбекқызы, Ләйлә Сұлтанқызы арасындағы дау көптің талықсынан әліге дейін арыла алмай келеді. Әзілкеш пен Ләйлә ханым арасындағы сот, Нұрболханның пайдасына шешілсе, Бибігүл мен Сұлтанқызының сотына әлі нүкте қойылмады. Дәулетбекқызының қорғаушысы, тілшінің толық кінәсіз екенін алға тартуда.
Айман Омарова, қорғаушы:
- Бибігүлдің кінәсін көріп тұрған жоқпын. Қылмыстық құрам жоқ, әңгіме сода болып тұр, әңгіме Бибігүлде емес. Әйтпесе не үшін мынандай программа керек?
Ал жұлдызды жанұядағы жанжалдың соңы сот залынан бір-ақ шығарды. Бауыржан Ашығалиев пен Ксения Ашығалиеваның ара-қатынасына 7 жылдан кейін селкеу түсті. Ксения «Күйеуім мені өлтірмек болды» деп халықтан араша сұраса, Бауыржанның туыстары «Ол келіншек бәрін ақша өндіріп алу үшін әдейі істеп отыр» дегенді алға тартуда.
Жәнібек Ашығалиев, Бауыржанның әкесі:
– Оның қолынан тек тақыр жерден шаң шығарып, өсек өрбіту ғана келеді. Баламмен отандасқанына 7 жыл болды ма? 7 жылдан бері анасымен қосылып менің мойынымда отыр. Осыдан жеңіп шығайық, барлық шығынды өтетемін.
Елді елең еткізіп, даңқ пен дақпыртты шатастырып алып, сот табалдырығын тозырған әртістердің ішінде: Жадо мен Меруерт Түсіпбаеваның дауы, Қыдырәлі Болманов пен қолөнер шебері Ырза Тұрсынзаданың шуы, Ермек Тұрсынов пен Баян Алагөзованың арасындағы айқасты әлі жұрт ұмыта қоймады.