«Қалауым сен» жобасындағы Айдос пен Заринаның тойы неге болмайтын болды?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Қалауым сен» реалити-шоуының қатысушылары Зарина мен Айдос осыдан екі апта бұрын үйленіп, дүйім жұртты дүрліктірген еді. Беташары бітіп, үлкен тойды күтіп жүрген елге қуаныштың болмайтынын екеуі бүгін хабарлады. Зарина «Айдос адам емес, мінезі қиын» десе, Айдос керісінше жарын даттауда. Негізгі даудың басы «Заринаның ата-анасы тойға келмесін» дегеннен басталған. Оқиғаның мән-жайын «Қалауым сен» жобасының бас редакторы толық баяндап берді.

Шах-Керім Карменов, тележүргізуші:

– Жалпы бұл мәселе біздің күтпеген, елдің күтпеген бір мәселесі болды. Айдос пен Заринаның тойын шыныменде ел дәрежесінде, бүкіл республикалық дүркіретіп өткіземіз деген жоспарымыз жоққа шықты. Өйткені жастардың өздерінің бір келісе алмаушылық себебінен. Айдос Заринаның ата анасы біздің студиямызда болмасын дегеннен, Заринаның соған ренжуінен. Айдос неге ондай талапты қояды? Өйткені Заринаның өзіне ренжулі.

Екі жасты татуластыру үшін Заринаның анасы Айдоспен сөйлесіп көруге тырысады. Бірақ бәрі бос әурешіліктей.

Құдағи мен күйеубала сөзге келісе алмай айғайға баса жөнеледі. «Менің қызыма қалай болса солай қарайсың. Неге?» десе, Айдос «Менің отбасыма араласпаңыз дегенді алға тартып отыр. Тағы бір жәйт, Айдос Заринаны алып қашып келгеннен телефонын тартып алып, әлеуметтік желідегі құпия сөзін өзгертіп тастағанымен қоймай, ата-анасымен көрісуге, жиі сөйлесуге тыйым салған.

Шах-Керім Карменов, тележүргізуші:

– Сондай бір майда-шүйде мәселелерден үлкен бір дауға айналып кетті. Жәнеде өкінішке қарай тікелей эфирде бүгін тойдың куәсі бола алмадық.

«Айдос мені сыйламайды. Басып тастап бағындырғысы» келеді деген Зарина ата-енесін қатты жақсы көретінін, екі тараптың қарым-қатынасы жақсы екенін айтуда. Бүгінгі «Қалауым сен» реалити-шоуында Зарина отағасынан кешірім сұрап, иілгендей болды. Бірақ жобадағы достары екеуінің де қырсық, бірбеткей екенін айтуда. Алдағы уақытта той бола ма, жоқ па ол жағы белгісіз.