Айдана Меденова жаңа жыл қарсаңында гонорарын өсіріп жібергені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әр мереке, мейрам әртістер қауымының қалталарының қалыңдайтын кезі. Соммалары тау көтерген Толағайдай аз уақытта шарықтап шыға келеді. Оның да өз себептері бар екен. Мысалы, Айдана Меденова жаңа жыл қарсаңында гонорарын өсіріп жіберетінін жасырмады.

Айдана Меденова, әнші:

- Гонорар кішкене өседі. Өйткені спрос көбейеді деген сияқты. Маған ыңғайлы жақтарын аламын. Өйткені мен анамын. Өйткені мен тек қана әнші емеспін.

«Кештер мен концерттердің көбеюінен гонорар да шарықтайды» деген Қоңырбаев, бүгінде сүзгіден өткізіп қана шараларға барып жүр. Бірақ Арман мен Аша кезінде көп сомма сұратқандарын ашып айтты.

Арман Қоңырбаев, әнші:

– Ондай жағдайлар болған әрине. Бірақ сіздер көріп тұрсыз ғой енді, біздің жағдайды. Сол үшін біз енді баға жағынан емес, жалпы өзіміз таңдап барып жатырмыз концерттерге. Бағасын көтерген жоқпыз. Жәй ғана өзімізге ыңғайлы концерттерге қатысып жатырмыз.

Ал Рензолық серілер көп әртістер графигіне байланысты жалған ақпарат беріп, көп қаражат талап ететінін айтып қалды. Бойзбенд жігіттері «шектен шығу дұрыс емес» деген пікірде.

Рензо тобы:

– Шығатын выступлениялар бар. Бірақ андай «толығымен уақытымыз жоқ. Миллион выступление бар» деп өтірік айтпай-ақ қояйық. Олай да өтірік айтатындар көп шығар. Бар, жоспарларымыз бар. Бірнеше шығатын жеріміз бар.

1 жыл үзілістен кейін сахнаға оралған Рензолықтар, қаржы мәселесінен мүлде бейхабар болып шықты. Олар тіпті жаңа жылғы кештерінің бағасын білмейді екен.

Рензо тобы:

– Қаржы жағынан, жалпы осындай басқарма жағынан ондай сұрақтарды біздің продюсерге қойған жөн.

Әр мереке қарсаңында қалта қағатын әртістер, нақты қанша алатындарын құпияда қалдырғысы келсе керек, ашылып ештеңе айтпады. Бізде бар ақпарат бойынша, гонорарларын өздері бекіткен соммадан 3-5 есеге көтеріп жібереді екен. Әрине, сұраныс бар жерде, өсім қашанда болады.