«Асыл» тобында өнер көрсетіп, қалың көпшілікке танылған Ғалия Мұратова екінші рет ана атанды. Өнер иесі жолдасына қыз бала сыйлаған. Жас ата-ана сәбиіне «Лейлана» деп есім қойыпты. Оларды перзентханадан шығарып алуға әншінің жолдасы Ален Самыкенов, құрбысы Ақерке Бүркітбай мен досы Батыржан Тазабеков келген.
Ғаламтор кеңістігінде бірқатар отандық жұлдыздардың 11 сынып оқушыларына арналған кітаптардың мұқабасына шыққан суреті тарап кетті. Мектеп оқулықтарының сыртына шыққан жұлдыздар қатарында Төреғали Төреәлі, Ерке Есмахан, Тәуекел Мүсілім мен Әбдіжаппар Әлқолжа бар. Бұл "жұлдызды оқулықтардың" суретімен Instagram парақшасында Төреғали Төреәлі бөлісті. Ол өзі бейнеленген "Қазақ тілі" кітабының мұқабасын жариялап, "құтты болсын ағайын" деп оқырмандарынан сүйінші сұраған. Бірі бұл ақпаратқа шын иланып жатса, енді бірі фейкке деп жатыр.
Шырын Наршаева тағы шулатты! Атышулы қыз ашық фотосуреттерінің тағы бірнешеуін желіге жүктеген. 19 жастағы сылқым бұл жолы кеудесін ұлттық зергерлік бұйымдармен емес, тек қолымен жауып алған. Фотограф жарықпен жұмыс істеп, әртүрлі фон беруге тырысыпты. Алайда, мұндай суреттерге еті үйренген желі қолданушыларының көбі «қызық емес», «тағы ма?» сынды біркелкі пікірлер қалдырған.