Соңғы уақытта танымалдар түрлі конкурстар мен гив ұйымдастыруды жиілетті. Тіпті, өнер өкілдерінің арасында белең алған бұл үрдіс кей жұлдыздардың өзін алаңдатып жүрген сыңайлы. Мәселен, Тамара Асар батпанқұйрық байқау ұйымдастыратындарға аса күмәнмен қарайды.
Тамара Асар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
- Бұл недеген батпан құйрық, далада жатқан құйрық деп. Өзіме өзім түсінбедім. Одан мен қомақты байып кете қоймайтын шығармын.
Әншінің өзі де парақшасында оқырмандарына арнап, конкурстар ұйымдастырып отырады екен. Алайда ол, қалтаны қалыңдату емес, өзінің дөңгелетіп отырған кәсібін жарналамау мақсатында жасалып отырған дүние.
Тамара Асар, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
- Себебі біздің парақшамыз бар, сол парақшаны кеңірек жария қылу мақсатында және самаурындардың жақсы сатылуына байланысты.
Ал ғаламтор жұлдыздары әпкелі-сіңлілі Нұрсейітовалар үшін гив ұйымдастыру мол пайдаға кенелудің әдісі.
Әсем Нұрсейітова, дизайнер:
- Сосын міндетті түрде тапқанымызды бөлеміз төртке әпкелі-сіңлілі болған соң бәрі риза болады, өйткені біз бергенін ала береміз.
Ал ЮФРЕЙМ-дік Артур заман ағымына ілесіп, жеңіл ақша табудың жолын білсе де, оның қалайтын соммасын әлі ешкім ұсынбаған сыңайлы.
Артур Асқарұлы, вайнер:
- Мен ешқашан гив жасаған емеспін. Әрине, қазір алдыма бір бума ақша қойса, не түсіру керек деп жүгіріп кетерім анық. Қалжың ғой бәрі. Бірақ әзірге жасағым келмейді. Өйткені қазіргі нәпақам өзіме жетеді.
Әли Оқапов болса, ақша үшін бәріне әзір әріптестерінің ісін құп көрмейді. Тіпті, оларды аздап сынап тастады.
Әли Оқапов, әнші:
- Мен осындай гив ойындарына қарсымын. Мен тіпті жарнаманың өзін өте сирек жасаймын. Мені оқитындар менің шығармашылығым, ойым, өмірім үшін оқиды. Ал сол оқырманның назарын пайдалану сәл әділетсіз сияқты.