Айсара Бисенова, @ais.tv тележүргізуші:
- Сән көрсетілімдерінен шоу жасай білетін Сәкен Жақсыбаев кезекті топтамасын таныстырды! Жапония мәдениеті шеберге шалқар шабыт сыйласа керек. Өзгешелікке жаны құмар дизайнер бұл жолы да бұрынғы үрдісінен жаңылмады.
Кешке келген қонақтар өздерін құдды бір Жапон елінде жүргендей сезінді. Тақырыпқа сай безендірілген сән сахнасы, жиналған бомондтың өзін бейжай қалдырмады. Ал подиумдағы сылқымдар күншығыс елінен келді ма, дерсіз.
Сәкен Жақсыбаев, дизайнер:
- Сәкен сіз өзіңіз ешқашан Жапонияда болмапсыз. Бірақ осы шоуды сол күншығыс еліне арнапсыз?
- Жапонияға жолым түспей қойды. Мен үшін мәдениетімен ерекшеленетін елдердің бірі. Сондықтан барымды салып, дәл осы мемлекет туралы ақпарат іздедім.
- Көрмей қалай шабыттандыңыз ол елден?
- Қазіргі таңда кино, инстаграм, өзге де әлеуметтік желілер бар. Жапонияның сұлулығын көру үшін, осы да жеткілікті деп ойлаймын.
- Ал дәл осы коллеция туралы айтып берсеңіз кішкене?
- Жаңа коллекция 30 үлгіден тұрады. Әрбір образ менің жан-дүниемнен шықты. Әсіресе Жапония еліне деген құрметім мен қызығушылығымды осы киімдер арқылы жеткізгім келді.
Шебер кезекті киім үлгілерінде қызыл түске басымдық танытқан. Топтамада кимоно іспеттес көйлектер мен «japanese haruki girl» стиліндегі үлгілер жетерлік.
Фэшн шоу ұйымдастыруда алдына жан салмайтын Сәкенді бұл күні өнердегі әріптестері мен жұлдыздар қолдап келгенді. Мұндай шараларда жиі көзге түсе бермейтін Әсел Сәдуақасова кештің қадірлі меймандары қатарында.
Алексей Чжен, дизайнер:
- Білетін шығарсыз, Сәкен өз коллекциясын бүгін Жапонияға арнады. Өз ойыңыз осы туралы?
- Білесіздер ме, Сәкеннің бүгінгі идеясы маған ұнады. Ол Жапонияға деген қызығушылығының арқасында осындай керемет дүниелерді жасап жатыр. Тіпті ұлттық киімдерін, қазақстандық аруларға арнап заманауи етіп жасағаны байқалады.
Ян Рэй, фэшн-фотограф:
- Осы сән көрсетілімдеріне келсем, бірден сізге жақындаймын өйткені, образдарыңыз өте ерекше. Сіздің образыңыз бүгінгі?
- Бұл қарғаның образы. Қара түсті киімдерді жаным сүйеді. Өзіме ұнайды. Сәнді жерге, сәнді киініп келу керек.
- Енді ғана Сәкеннің топтамасын көрдік, сіздің ойыңыз?
- Менің ойымша Қазақстандықтарды бір күншығыс еліне апарып келгендей. Образдары өте әдемі, әрі сапалы. Кез-келген ару бұл жерден өзіне керегін табар деген ойдамын.