Жаңа жыл жақындаған сайын, артық салмақан арылғысы келетін атақтылар спорт залды жағалап, жаппай диетаға көшеді. Мәселен, АҚШ-тық сәнбике Ким Кардашьян баяғыда қант пен глютеннен түбегейлі бас тартқан. Ал оның әпкесі Кортни Кардашьян жағымсыз әдеттерден арыла алмай жүрсе керек, тәттілерді толтырып алып, Кимді қонаққа шақырған. Бірақ топ-модельге әпкесінің бұл қылығы ұнамай қалған сияқты. Кортниды даттап желіге «Мен бұндай нәрселерді жемеймін. Саған да кеңес бермеймін» деп жазба қалдырған.
Ал отандық әртістер әлдеқашан жаңа жыл қарсаңындағы сымбатты мүсіннің қамына кірісіп-ақ кеткен. Мәселен Әсел Асқар өзі ғана диетаға отырмай, күйеуін де дұрыс тамақтануға үгіттепті. Бүгінде жас жұбайлар жаңа жылға қызу дайындық үстінде көрінеді.
Әсел Асқар, актриса:
- Қазір жолдасым екеуміз дұрыс тамақтанып жүрміз. Алкогольді, газдалған сусындардан, наннан және еттен өзімізге шектеу қойдық. Бәрін мөлшермен тұтынамыз. Бәрі әдемі болудың қамы ғой.
Ал арықтауға бас қатырмайтын танымалдардың тізімінде – Гүлзира Айдарбекова бар болып шықты. Продюсер аз аздан, бірақ уақытылы тамақтанады екен. Денсаулығын жіті күтетін Гүлзира ханым бүгінде, түрлі шөптердің сығындысын ішіп жүр.
Гүлзира Айдарбекова, продюсер:
– Мен еш уақытта диета ұстаған емеспін. Бірақ кейінгі кезде бір шөп дәрі ішіп жүрмін. Қарап отырсам 20 күнде 5 килограмм тастаппын. Негізі бүйтіп өзіме «Жемеймін тамақ. Семіріп кетемін» деп шектеу еш уақытта қойған емеспін. Өйткені «Парода» дейді ғой мысалы. Біздің үйде қатты толық адам жоқ. Өзімнің отбасымда.
Ал танымал вайнер Артур Асқарұлы «соңғы кезде көп саяхаттап, артық салмақ жинап алдым. Енді жаңа жылда смокингке сыймай қалмасам болғаны» деп қалжыңдады. Әзілкеш елге орала салысымен диетаға отырыпты.
Артур Асқарұлы, әзілкеш:
- Байқап қойдыңыздар ма? Бір айға жуық демалыстан кейін, бұрынғы қалыпты режимге орала алмай жатырмын. Мексидан кейін Америкаға саяхаттадым. Ол жақтың тамақтары өте майлы екен. 10 келідей қосып алдым. Байқалмай тұрған шығар. Бірақ осы тұрғанда 102 келіні құраймын. Тез арықтау керек.
Тартылған сымдай сымбатты болып жүру, бүгінде өнер адамадарына қойылатын алғы талаптардың біріне айналғандай. Бірі 12 ай өзіне аштық жарияласа, енді бірі тек айтулы мейрамдар қарсаңында ғана мүсініне мән береді.