Темір тұлпарды тізгіндеген қазақтың серілері, гольф ойнаған қаракөз бұрымдылар! Желіде дәл осындай ерек бағытта таспаланған «Молдабай» атты туынды қызу талқыға түсуде. Аталмыш бейнебаян 1 жыл бұрын құрылған «Алатау серілері» тобына тиесілі. Тырнақалды жұмысын ұсынған жігіттер қазақтың ескі әндеріне қайтадан жан бітіргіміз келді дейді.
«Алатау серілері» тобы:
- Топтық мақсаты хит іздеп, хит қуалау емес. Сол ата-бабамыздан қалған әндерді жаңа бағытта халыққа ұсыну. Біздің бағыт осындай, ұстанған бағтымыз.
Айтпақшы, жігіттердің тың туындысында Төреғали да төбе көрсеткен. Еске салсақ, ТТТ өнер өкілдері арасында жауапсыздығымен танымал. Бұған дейін ұлы дала баласы «Қазбат» фильмі саундтрегінің түсіріліміне жарты күн кешіксе, Азия мен Бақайлықтар «Опмай-опмайын» таспалағанда еш себепсіз, ескертусіз келмей қойған еді.
«Алатау серілері» тобы:
- Съемкаға келеді деген кезде, көбісі негізі сенбеді Төреғали ешқандай жерде дауысы жоқ, келмейтін шығар деп есіктен кірмегенше сенбеді. Мен өзім келеді деп сендім, өйткені Төреғалиға сенем, досым, бауырым. Бәрі бірауыздан қолдап, сондай жағдай болды.
Ең қызығы, «Алатау серілерінің» бұл бейнебаянында Төреғали тек бір-ақ кадрда жылт етеді.
«Алатау серілері» тобы:
- Енді трековый бейебаян болғаннан кейін, өзіміз алтау болғанна кейін, өзіміздің түрімізді жаттап үлгере алмай жатқандар бар. Сол себептен ара-арасынан алды-ау енді. * Кішкене тәтті қылып қана алдық Төреғалиды, елдер іздесін деп.
Алатау серілері мен ұлы дала баласының бұл серіктестігі бекер емес көрінеді. Болашақта қос тартап, ортақ туындыны жарыққа шығармақ ниетте. Қысқасы, қазақ шоу-бизнесіне өзіндік үлес қосуды көздеген этно-ұжымның келешекке құрған жоспарлары жетерлік.
«Алатау серілері» тобы:
- Бұйыртса жаңалықтарымыз көп, тек қана қазақ емес, әлемге танытатын қазақтың өнерін, саф өнерін танытатын осы жігіттер деп ойлаймын. Жаңалық күтіңіздер!