Айдана Меденова мен Айқын бастаған өнерпаздар «TikTok» жұлдызына айналуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кездері жаппай қолданысқа енген TikTok әлеуметтік желісі трендке айналуда! Мобильді қосымша алғаш 2016 жылы Қытайда пайда болған. Бірден 500 млн-нан астам тіркелушіге ие болған TikTok-ты бүгінде аспан асты елі ғана емес, күллі әлем қолдануда.

Отандық жұлдыздар арасынан TikTok-қа алғаш болып тіркелгендердің бірі - Айқын Төлепберген. Өнерпаз өз әндеріне қысқа видео түсіріп, 18 000 фолловер жинап үлгерген.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Байқасаңыздар қазір инстаграм дәуірі өтіп бара жатқан сияқты. Инстаграмға көбірек үлкен кісілер алып жатқан сияқты. Жастардың бәрі қазір «Tik-tok» «Like»-та жүр. Жаңа социальный сеть.

«Музыканттар үшін дәл осы әлеуметтік желінің берер пайдасы мол», - дейді Bonapart. Жас әнші туындыларын насихаттау үшін TikTok-ты қолданады екен.

Bonapart, жас музыкант:

- Қазір өлеңдерді пиарить ету үшін жаңа жол өте жақсы жол мысалы бұрын көбінесе инстаграмнан тарататын болсақ, қазір тик-токтан болады. Тик-токта мүмкіншіліктер көп. Мысалы жаңа өлеңіне би билеп бере алады, күштілеп тұрып.

Еске салсақ, Билли Айлиштың бағын жаққан дәл осы TikTok еді. Жас әншінің тректері аталмыш желі арқылы таралып, хитке айналған болатын.

Мобильді қосымшаның мұндай мүмкіндігін жақсы ұғынған Айдана Меденова да, TikTok-ты өз қолына алмақ. Әзірге оның жеке парақшасында 12 мыңнан астам адам тіркелген.

Айдана Меденова, әнші:

- Шыны керек тик-токты жаңадан ғана өзіме ашып жатырмын. 5-6 видео ғана бар шығар. Мен әлі профициональный «тик-токер» емеспін.

Сондықтан қазір барлығы алда, енді көре жатармыз.

Ал «Buira» тобының TikTok-та 13 мың фолловері бар. Q-pop өкілдерінің айтуынша, аталмыш қосымша адамның актерлық шеберлігін шыңдауға да көмектеседі.

«Buira» тобы:

- Мен достарымнан көріп, бірден тіркелдім. Өте қызықты болып көрінді. ТикТок адамның харизмасын дамытуға септігін тигізеді.