Инстаграмда Димаш Құдайбергенді – Лара Фабиан, Игорь Крутой, Александр Рева секілді Ресейлік танымалдар оқыса, 13-ші аймақтың аруы Назиманы – Глюкоза, Bahh Tee, Анна Седакова сынды атақтылар фолловерлер қатарына қосқан. Қала берді Ержан Максимды, Данеля Төлешованы, Сей Моның жазбаларын да алыс-жақын шет елдегі әртістер қауымы қалт жібермей қарап отыратын болып шықты.
Дильназ Ахмадиева да желідегі «даңқты достарын» тізіп берді.
Дильназ Ахмадиева, әнші:
- Мәскеуде әртіс достарым көп қой. Бәрі маған жазылған. Мысалы: Денис Клявер, Доминик Джокер, Волтер Афанасев, Baby Face, Марк Дэ Каскас, Джей Эрнандес. Маған осының өзі жетеді.
Ал «Ринголық» әншіге виртуалды өмірдің қызығы шамалы. «Шет елдің әртістері Әділжан деген адамның барын да білмейтін шығар» деп әзілдеді ол.
Әділжан Умаров, әнші:
– Негізінде менде уведомление өшіп тұр. Мен кім подписаться етті, кім отписаться етті ондай нәрсені білмеймін. Оған қарамаймын. Енді шет елдік әртістерден кім подписаться етті деген... Ондай жоқ шығар. Бірақ кей кезде шет елдің адамдарынан бір нәрсе келіп тұрады. Хаттар, тағы бір нәрелер.
Ал Халық әртісі «Өзгенің қаңсығын, таңсық» қылуды құптамайды. Себебі, «өзіміздің эстрадада, өнер әлемінде өнеге болар әншілер жетіп артылады» дейді Нағима Есқалиева. Ол өзінің парақшасын отандық шоу-бизнес өкілдерінің басым бөлігі оқитынын айтып қалды.
Нағима Есқалиева, ҚР Халық әртісі:
– Все! И Макин и Амре. И Қайрат Нұртас. Соны мен білген жоқпын ғой. Оказывается еще кім тағы да... Ойбай қазір есімде жоқ.
Лебізін лүпілмен білдіретін заманда, желідегі жазылушыларыңның қатары көп болғаны абырой. Бұл бүгінгі жұлдыздардың пайымы.