Отандық шоу-бизнестегі біраз жұлдызды әулетте келер жылы толығулар болмақ! Мәселен алтыншысына ауыраяқ екенін жарты жылға жуық жасырып келген Динара Сұлтан, енді бұл жаңалықты құпия сақтаудың негізін көрмеген секілді. Әнші инстаграмдағы парақшасына жүкті екенін жазып, бес балапанымен жеткен жетістіктерін тізбектеп, пост қалдырған:
Динара Сұлтан, әнші:
«Алла қаласа, бұл нәресте де өз несібесімен келеді. Алдымыздағы жыл жаңа проект пен қызықтарға толы. Дүниеге келген сәби – ол жаңа өмір, жаңа тыныс, мен үшін үлкен стимул».
Ал 39 жасында тұңғышына аяғы ауырлаған Дильназ Ахмадиев, Динара секілді жұрттан сүйінші сұрамаса да, жүктілігін жасырмады. Керісінше түрлі түсірілімдерге қатысып, халық арасында концерттердің көркін кіргізіп жүр. Желіде әншіге жақсы тілектерін жаудырып, тезірек аман-есен бауырын қолына алуды тілеп жатқандар жетерлік.
Өткен жылы ғана ата-ана атанған Дана Есеева мен Мейіржан Төребаев бесінші сәбилерін тағатсыздана тосып жүр! Бірақ жұлдызды жанұя жағымды жаңалықтарымен бөлісуге асықпайды. Дананың домаланған ішіне қарап жанкүйерлері өз жорамалдарын жасап қойған.
Ал өмірдің жеңісі мен жеңілісін қатар көріп жүрген Ләйлә Сұлтанқызының расында да жұрттан жасырғаны бар секілді. Кең етекті, қою түсті көйлектер киіп жүргізуші өзінің артық салмағын емес, басқа сырын құпияда қалдырғысы келетін сияқты.
Бақытын баламен өлшейтін қазақ үшін, бүлдіршіндердің күлкісі мен шырылынан асқан бақыт жоқ. Келер жылы тағы бір рет ана атанатын жұлдызды арулардың жаны қалсын деген тілек біздегі.