Голливудта кезекті картинаның тұсаукесері өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтың танымал актерлары Нью-Йорктағы «Little Women» фильмінің тұсаукесеріне жиналды. Алып шаһардағы «Заманауи өнер» музейінде жабық көрсетілімі өткен лентаның басты кейіпкерлері – Эмма Уотсон, Сирша Ронан, Тимоти Шаламе, Луи Гаррель, Флоренс Пью және Элайза Сканлен.

Эмма Уотсон мен Тимати Шаламе бұл кештің басты жұлдыздарына айналды. Киногерлер айтулы шараға ұзақ дайындалған.

Эмма Уотсон, актриса:

- Фильм драма болса да, қызықты шықты. Көрермен кейіпкерлермен бірге мұңайып, бірге қуанады.

«Little Women» тарихи драмасы соғыс кезіндегі оқиғаны суреттейді. Лента сюжетіне төрт әпкелі-сіңлінің бастан кешкені негіз болған. Еске салсақ, фильмнің бұған дейін 8 түрлі нұсқасы жарық көргенді.

Тимоти Шаламе, актер:

- Көрерменге қайтадан ұсынылған картиналар өз алдына ерекше. Бұл фильмнің бірнеше нұсқасы бар. Дегенмен әр қайсысы, жеке дара туынды деп айтар едім. Дәл осы команданың мүшесі атанғаным үшін қуаныштымын.

Жауапсыз махаббат пен жақынынан айрылу, достық және сатқындық баяндалатын лента америкалық жазушы Луиза Мэй Олкоттың романы желісімен таспаланған.

Лора Дерн, актриса:

- Мұндай оқиға соғыс кезінде әрбір отбасында орын алған. Фильм - тағдырға төтеп беріп, қиындыққа мойымай жүрген қайсар қыздар туралы.

Ал аталмыш драманы отандық көрермен келер жылдың 30-шы қаңтарынан бастап тамашалай алады.