Айсара Бисенова, @ais.tv
- «Almaty Fashion Week» өз мәресіне жетпек! Сән апталығының соңғы күні қызықты көрсетілімдерге толы болды. Дәл бүгін Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз өз үлгілерін ел назарына ұсынбақ.
Жас дизайнердің кезекті коллекциясы әдеттегідей өзімен қатарлас, жаңа буын өкілдеріне арналады. Тың топтама ашық-жарқын түстер мен батыл образдардан құралған.
Көрсетілім біткен соң, Айжұлдыз құшақ-құшақ гүлдің астында қалды. Раушандарын ала келгендер арасында әпкелі-сіңлілі Жолдыбаевалар да бар. Одан бөлек, бомонд бас қосқан кештеге келе бермейтін Мәди Рымбаев та фэшн көрсетілімнің қонағы атанды.
Айжұлдыз Адайбекова, дизайнер:
- Айжұлдыз, жас болсаң да көрсетілімге екінші рет қатысып жатсың. Биыл енді өзгерістер бар ма, алдыңғы жылмен салыстырғанда?
- Әрине. Мен енді Kazakhstan Fashion Week-ке қатыстым, ол кезде ешқандай опыт, ештеңе тәжірибие жоқ. Қорықтым, өзімнің ойымды жасауға тырыстым. Бірақ екінші рет мен профессионалды түрде келдім, барлығын ойластырып.
– Топтамаң өте ерекше, айтып кетсең?
- Ол топтама негізі жан дүниемнен шыққан топтама. Негізі ешқандай дизайнерден, ешқандай журналдан стиль қайталаған жоқпын. Мен тек қана ойымдағы фантазиямды іске асырдым деп айтсам болады.
Сахна сыртындағы абыр-сабыр арасынан Айжұлдыздың анасы – Жанар Айжанованы кездестірдік. Халықтың сүйіктісі, қызы үшін қатты қобалжып жүр.
Жанар Айжанова, ҚР Мәдениет қайраткері:
- Қазір көргенде оп-оңай. Бірақ бұл 4-5 айдың жұмысы дайындалып. Айжұлдыз енді-енді шығып келе жатыр. Біз осыдан кейін ойлап отырмыз, ақырындап шет жаққа шықсақ. Өзіміздің қазақша әдемі киімдерімізді жаңашалап, жаңа түрде шығарсақ деп. Мен енді қайда барам десе де, қасында көмектесіп жүрем ғой.
- Ал сізбен ақылдаса ма?
- Неге ақылдаспайды, ақылдасады. Бірінші сызған дизайнын ең бірінші мен көремін. Содан екеуіміз ақылдасамыз, ұнайды. Кейде мен айтамын мына жері былай болса деп. Ол неге екеінін түсіндіреді. Қазіргі көзқарасы қалай, қазіргі жастардың талғамы қалай.
– Ал сізге Айжұлдыз дизайнер ретінде киім тігеді ме?
- Тігеді, көбінесе күнделікті киетін. Кейде өзіме ыңғайлы. Айтам жол жүргенде, болады ғой соған қолы басағанда тігіп береді. Бірақ көбінесе басқа немен уақыты жоқ. Сосын мен де әзір шықпай жатып қыстырылмай-ақ қояйыншы, киімсіз емеспін ғой деп онша көп қыстырылмаймын.
Сондай-ақ, сән апталықтың соңғы күні total black-ты таңдаған Леонид Жеребцов тұтынушыларын таңқалдырды. Әдетте әр көрсетілімін үлкен шоуға айналдыратын дизайнер қарапайым қара түсті топтамамен шектелген. Шебер күйзелісте жүргенге ұқсайды.
Леонид Жеребцов, дизайнер:
- Биыл байқағандарыңыздай, барлығы тотал-қара. Психологыммен сөйлесіп едім, бұл сенің қоршаған әлеміңе деген қарсылығың деп түсіндірді. Топтамам Малевичтың «қара шаршы» картинасындай. Қара кеңістікте әр адам өзі қалағанын көреді.
Ал жаңа үлгілерін паш еткен шеберлердің туындыларына көптің берер бағасы «бес» болды.
Алтынай Жолдыбаева, әнші:
– Қазіргі таңда отандық дизайнерлер өздерінің өте әдемі коллекцияларын шығарып жатыр. Солардың ішінде ең сүйіктісі ол Жеребцов әрине. Аида Кәуменованың коллекциялары ұнайды. Ал бүгін енді Айжұлдызды қолдауға келдім.
- Мен байқап жүрмін. Сіздің стиліңіз өте ерекше. Бүгінгі образыңыз туралы айтып берсеңіз.
- Бүгінгі образ шынында да, ең қарапайым образдардың бірі деп айтсақ болады. Өйткені осы показды ұйымдастырып жатқан дизайнерлермен жарысып киінбей-ақ қояйық деген шешіммен келдім.
Екі күнге жалғасқан әсемдік апталығын саралай келе, нәзіктік сөзсіз сәнде деген пайымға келдік. Одан бөлек, келер жылдың тренді – қызыл, хаки, көк түстер.
Ал, дизайнерлер үшін тұтынушыларды тарту мен туындыларын жарнамалау алаңқайына айналған фэшн шара, сәнқойлермен келесі көктемде қайта қауышпақ!