«EQ» тобының жігіттері тыңдармандарына неге өкпелі?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бір жарым жылға жуық сахнада жүрген кезеңде «EQ» тобы, талай белестерді бағындырып үлгергендеріне сенімді. Жігіттер бірнеше бейнебаян таспалап, үнтаспа жазып, тіпті шетелдік әншілермен коллаборция жасаған еді. Осы еңбектің өтеуі жоқ дейді серілер. Себебі, фанаттар тарапынан ешқандай қолдау көрмейміз деп отыр.

Tiko, «EQ» тобының әншісі:

-Біз үшін өте продуктивный жыл болды. Бірақ та қанша істесек те, ощущения да сондай әлі де. Қазақстанның халқы ондай қатты бағаламайды да, по-любому. Біз бір жылдың ішінде санап қарасақ, 6-7 клип те түсіріп тастағанбыз да. Но отдача жоқ та. Ондай уау деген отдача жоқ. Біз таңертеңнен кешке дейін жұмыс жасаймыз, еңбектенеміз.

Әйткенменде,топ мүшесі Тико, еңбектенуді тоқтатып қол қусырып қарап отырмақ емес. Өнерпаз шығармашылықтан бөлек, шәкірт тәрбилеуді қолға алған. Бүгінде ол хореограф атанса, Еско вокал үйірмесін ашқан.

Tiko, «EQ» тобының әншісі:

-Я энергопожиратель деп айтсам болады да. Сахнаға күн сайын шықпаймыз. Қазақстанда тем более. Айына бір рет, и сол уақытта мен өзімнің сахнадан энергия аласыз да. Сол энергия маған күнделікті жетпейді. Сабақ бергенде мен білмеймін іштей ләззат аламын.

Еске салсақ, Тико – кәсіби биші. Өнерпаз 2014 жылдан бері хореографиямен айналысады. Кью-поп өкілі алғашқы табысын да тойларда билеп жүріп тапқан екен.

Tiko, «EQ» тобының әншісі:

-Жалпы негізінде фристайл өзім негізінде фристайлщик болдым да. Батлдарға бірге-бір шыққанда жарыстарға барып жүрдім, Россияга анда мында. Кішкентай кезімнен колдан тұрып жетінші сыныпта мен уже тойларға шықтым.

Самат Қазмағанбетовтың айтуынша, әрбр әнші сахнада еркін қимылдай білуі тиіс. «EQ» тобының барлық биіне жауапты сері, тыңдарманға көңіл-күй сыйлаудың бірден-бір тәсілі осы деп отыр.

Tiko, «EQ» тобының әншісі:

-Шетелдердің әншеліерін қара, бәрі сахнада бүйтіп тұрмайды. Бәрі кәдімгідей энергия дейді да, өзін береді. Кейбіреулер бар мысалы билемейді мен оларды түсінемін. Мысалы Димаш Құдайберген ол билемейді, себебі оны адам биіне қарап образына қарау үшін емес, дауысынан ләззат алуға келеді.

Сондай-ақ, ұжым «B.I.B»-ліктерге тосын сый әзірлеуде. Жуырда жігіттер «EQ» тобының тың туындыларын жаңаша форматта ұсынбақ.

Tiko, «EQ» тобының әншісі:

-Зерттеп келе жаңа стратегия құрдық, жаңа нәрсе алып келеміз десек болады. Келесі жылы, бйұырса 2020-да күтіңіздер!