«Сағындырған әндер-ай» ретро кеші он жыл бойы дәстүрлі түрде өтіп келеді. Ескі әндерді жаңғыртып, концерттің бүкіл ұйымдастыру жұмыстарын қолына алған ҚР Халық әртісі Майра Ілиясова.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
-Қазіргі уақытта, барлығы айтады ғой бір күндік әндер көп деп. Бұл концерттің бір үлкен өзінің бір мән-мағынасы, бұл ескірген әндерді мына біздің Әміре сияқты жас әншілер өзгеше орындайды.
Бұл кеште, Меруерт Түсіпбева әнші Әміремен «Қимай сені барамын» әнін дуэтте шырқап, ескі әуенге жаңа дем берген-ді.
Жас таланттармен ортақ коллаборация орнатуға Айгүл Иманбаева да қарсы емес. «Сағындырған әндер-ай» кешінің жүргузішісі атанған әншіге мұндай ұсыныс та түскен.
Айгүл Иманбаева, әнші:
-Лидия Кәденова апамыздың ұлы Дидар, Дидар маған ұсыныс жасады. Айгүл апай сіздің оы «Таңғы елес» әнін екеуміз дуэт қылып айтайықшы рэп қылып, қазірге өңдеп деп. Маған идея ұнады өзі жобасын да жіберді. Осылай болады былай болады. Мә, керемет екен жазайық, айтайық деп.
Алайда бұл дуэт әлі күнге дейін жарыққа шықпады. Идея уақыт тапшылығынан жүзеге аспағандықтан, Иманбаева «Таңғы елесін» өнердегі құрбысы Гүлнұр Оразымбетоваға сыйға тартқан.
Айгүл Иманбаева, әнші:
-Таңғы елесті Гүлнұр Оразымбетова сұрады. Айгүл сен осы әніңді маған берші деп, соны басы байлы бердім «Таңғы елесімді» Гүлнұрға. Енді алған жоқ бірақ келісіп қойдық.
Сахнада талай жыл жүрген Жеңіс Ысқақоваға жастармен коллаборация ұсыну идеясы, аса жаға қоймады. Кезінде талай әні хит болған өнер иесі, бүгінгі тыңдарманның талғамы төмен деп отыр.
Жеңіс Ысқақова, әнші:
-Негізі бүгінгі күні тыңдарманымызды, кішкене адастырып алдық. Ана хайп болсын, хайп болсын деп не болса соны айтып. Қазір бір балалардың жаңағы талғамы бір жеңіл желпі әндерге ауып кеткен сияқты.
Ысқақованың айтуынша, бұрынғы хиттер сынды туындылар бүгінде саусақпен санарлық.