Айқын Төлепберген жалқаулықпен қалай күреседі?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жалқаулық – жан баласының бәріне тән. Әр сағаты тығыз кестеге түзілген жұлдыздар қауымының да, еріншектікке бой алдыратын кездері болады екен.

Алуа Қонарова – жалқаулық бір жабысса, одан құтылу қиын екенін жасырмайды. Демалыссыз және ұйқысыз жұмыс істегеннен кейін, адамды жұтып қоюға да қауқары жетеді дейді продюсер.

Алуа Қонарова, продюсер:

-Әрине жалқаулық әр адамда бар. Кейде тіпті жұмысты қойып, демалысқа шығып кетемін. Өнер адамына күш-қуат жинау керек, біз күн-түн демей жұмыс істейміз ғой. Соның барлығы шаршатады.

Ал Айқын үшін, жалқаулық – жат қылық. Пайымдауынша, тек еңбектенген адам өмірден өз еншісін алады.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Өнер адамдары, үлкен жетістікке жете алмайды. Себебі жалқау болса, жетістікке никогда жетпес. Жалқау емеспіз. Жатқанды, ұйықтағанды жақсы көрем, бірақ жалқау емеспін. Жалқаулық ол өмірдегі жалқаулық, бір үйреншікті нәрсеге үйрену, бір 9-18 ға дейін, күні бойы жұмыс істеп, бір зарплатаға күні бойы, одан артық ештеңке талап етпеу вот жалқаулық.

Танымал тележүргізуші Марат Оралғазин, болса бойындағы жалқаулығымен әлі күнге дейін күресіп келеді. Әзілкеш тек еңбек етсең ғана, мұндай жаман әдетті жеңуге болатынына сенімді.

Марат Оралғазин, тележүргізуші:

-Ия, еріншектік бар онымен күресудемін, бірақ күресуге ерінемін. Бірақ дегенмен енді ол жалқаулық деген дұрыс емес қасиет қой. Сондықтан жұмыс істеу керек!