«Lyst Index»-тің мәліметінше, ханшайымның киіміне халық ең көп қызығушылық білдіреді екен. Әсіресе, соңғы бір жылда сылқымның әр образы талқыға жиі түскен.
Әріптесінің ізін ала, бұл тізімнің екінші орынына Тимота Шаламе жайғасты. Серінің айтулы шараларға аса ыждаҺаттылықпен дайындалуы, «ең сәнді» атануына себеп болды.
Үздік үштікті «Met Gala» кешіне Tommy Hilfiger-дің «Күлбике» көйлегін киіп, көпті таңқалтқан Зендая тұйықтайды. Ең қызығы, бұл тізімнен Билли Айлиш та табылды. Еске салсақ, ерек стиль иесі, өзінің жеке киім үлгілерін де жарыққа шығарған еді.
Ал, Cardi B-дің Грэмми марапатына киіп келген «бақалшық» пішіміндегі көйлегін халық көпке дейін ұмытпасы анық! Хип-хоп орындаушының дәл осы образы гуглда сұраныстағы тақырыптардың біріне айналды.
Алтыншы болып, әсем образдарымен көзге түскеннің бірі – «Blackpink»-тық Лиса атанса, Кайли Дженнер жетінші. Сылқымның туған күніне киген гүлді көйлегі желі қолдынаушылар қызықтырған көрінеді.
Сондай-ақ сәнділер арасында Met Gala-ға сырға тағып, шілтір образымен көзге түскен Гарри Стайлс пен «Оскарда» әсем көйлекте төбе көрсеткен Билли Портер де бар.