«Junior Eurovision 2019» конкурсында бақ сынап жатқан Ержан Максимнің топ жаруға мүмкіндігі бар ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандасымыз Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» конкурсының ашылу салтанатында төбе көрсетті! Халықаралық ән байқауына еліміздің намысын қорғауға аттанған ол, 10-шы болып өнер көрсететіні белгілі болды. Жас таланттың сахнаға шығатын реттік саны жеребе тастау рәсімінің нәтижесі бойынша анықталды. Еске салсақ, Ержан конкурстық ән ретінде «Арманыңнан қалма» атты әнді таңдаған еді.

Ержан Максим мен оның командасының пайымынша, отандасымызға Аустралиялық Jordan Anthony бәсекелес атануы мүмкін.

Одан бөлек, польшалық Викиді де, Ержан мықты орындаушы санайды. Әзірге қос елдің осы екі әншісі ғана, Максимнің жеңіске жетуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Біздің ел Junior Eurovisin-да осымен екінші рет бақ сынамақ. Тұңғыш рет бұл конкурска Данелия Төлешова аттанып, алтыншы орынды иемденіп келген болатын. Халықаралық әнсайысына биыл 19 елдің өнерпазы қатысқалы отыр.

Роза Рымбаева, ҚР халық әртісі:

-Мен Ержанды жеңіп шығады дей ойлаймын. Себебі, ол ерекше талант, дарын. Оның орындаған музыкасын да мен тыңдадым. Ерекше әдемі, нағыз конкурстық, фестивальдық ән.

Осылайша, халық әртісінің ақ батасын алған Ержан Максим елімізге жеңіспен оралады деп үміттенеміз. «Junior Eurovisin-2019» 24 қараша Польшаның Гливице қаласында өтпек. Қазақстандықтар отандасымызға junioreurovision.tv сайтына кіріп, дауыс бере алады. Дауыс беру 23 қараша басталып, 24-ші қараша күні тоқтатылмақ.