Отандық өнер өкілдері арасынан нағыз «киноман» кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Bekmambetov Cinema» 1 жасқа толды! Қуанышты күнді кинотеатр өз көрермендері мен отандық өнер өкілдерінің басын қосып, дүркірете атап өтті. Бұл кешке ағылған қонақтардың қарасы мол.

Музыкалық бэндтың әсерлі әнімен басталған кеш қызықты конкурстармен өз жалғасын тапты. Меймандардың бірі билеп, өз көңілдерін көтерсе, енді бірі естелікке қызықты фотоларға түсіп жатты. Көңілді кешке келген қонақтар арасында продюсер Ерік Тастембеков те бар.

Ерік Тастембеков, продюсер:

-Мен киноны жақсы көремін. Сондықтан, аптасына бір рет міндетті түрде жаңа фильмдерді тамашалауға барып тұрамын. Қазіргі уақытта отандық киносаласының дамып келе жатқандығы қуантады.

Отандық кино демекші, «10iz» тобы да төл туындыларды тамашалағанды ұнатады. Кештен табылған q-pop өкілдері тіпті қай фильмді тағатсыздана тосып жүргендігі туралы айтып қалды.

«10iz» тобы:

-Бизнес по-казахски в Корее Нұрлан Қоянбаевтың. Негізі кез-келген киноның қандай болары басынан бастап-ақ белгілі болады ғой. Сол секілді басы өте жақсы кетті. Келесі кинокартина өте жақсы шығады деген ойдамыз.

Қысқасы жігіттер, өздерінің «киноман» екенін білдірді. Өнер өкілдері сәті түссе, премьераларды қалт жібермеуге тырысады екен. Айтпақшы, кинотеатр ұсынған аталмыш кеш «Паразиты» фильмінің көрсетілімімен аяқталды.