Өмірлері аста-төк болып көрінетін әртістер қауымынан көпшілік, қайырымдылықты қалтықсыз күтетіні белгілі. Бірі жария қылып жақсылық жасаса, бірі бергенін бүгіп қалғысы келеді. Ал елдің еркесі Мақпал Жүнісова «көпке көмектессем, көзден тасада қалғанды ұнатамын. Бірақ жасаған жақсылығым жетеді» дейді Жүнісова.
Мақпал Жүнісова, әнші:
– Енді мен оны айта берсем, список деген менде мынандай. Кәдімгідей бір дәптерге сыятын шығар. Өте көп қайырымдылық жасаймыз.
Ал Нұрлан Еспанов «жария қылып та, жасырып та жасап жатқан жақсылықтарым жетерлік. Қалтамда артық ақша болса, бірден қайырымдылыққа жұмсаймын» дейді.
Нұрлан Еспанов, әнші:
– Қайырымдылықты кеше ғана жасадым мен. Кеше ғана 4 балаға 250 мың теңгеден таратып бердік. Өйткені олар мүмкіндігі шектеулі балалар.
Бірақ аңқылдақ әншінің алаяқтарға алданған кездері де көп болып шықты. «Қиналып кеттім, барыңызды беріңізші. Балам ауру еді, көмектесіңізші» дейтіндерге қомақты қаражат аударып сан соғып қалған сәттерім аз емес» дейді Еспанов.
Нұрлан Еспанов, әнші:
– Олар таптыртпайды. Бірден жауып тастайды ғой аккаунтын. Содан соң таппай қаласың.
Ал Роза Рымбаева ақпараттың шынайылығына көз жеткізу үшін, көмек сұрағанның құжаттарын тексереді екен. «Қайырымдылықты сылтауратып ақша жинайтын қуларға тап болсам, ол алаяқтардың ісімен заң айналысады» дейді.
Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:
– Біздің атымыздан алдап халықтан ақша жинау ол үлкен күнә ғой енді. Сондықтан ондайды болдырмауға тырысамын.
Дегенмен, Роза ханым «Қайырымдылықты бірінші туған-туысқа қылу керек» деген пікірде. Бірақ Халық әртісінің шапағатын көргендер де аз емес екен.
Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:
– Өзімнің айналамда қаншама достарым бар. Денсаулығына көмектесемін. Операцияларына көмектесемін. Өзімнің айналамдағы барлық бауырларым, туған-туысқандарымның барлығы менің көмегімменен, қамқорлығымменен...
Ел бергенді елге жұмсап, қайырымдылықтан қашпайтын әртістер
қауымы Сеулде аққан дертімен күресіп жатқан 5 жасар Заңғарға арналған кешке де барлық жоспарларын кері ысырып қойып, асыға жеткен.
Бұқара берген батамен балақайдың тез жазылып кетуін тілейді жұлдыздар.