Меруерт Түсіпбаева соңғы кездері жас жігіттердің өзіне сезім білдіретінін инстаграм парақшасында жиі жазатын-ды. Өнер иесі, маза бермей жүрген альфонс серілердің көптігінен шаршаған.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
-Өзінен жасы үлкен әйелге хат жазып. Сол жасы үлкен әйелдің машинасын мініп, сол жасы үлкен әйелдің үйінде салулы төсек, салқын үй өмір сүру керек па? Өкінішке орай дәл қазіргі уақытта Қазақстанда, сондай жігіттер көбейіп бара жатыр. Мен таңқаламын.
Түсіпбаева альфонстардың мұндай қылығын ел алдында бетіне басып, арам пиғылын әшкерелемек болған. Сондықтан, қитұрқы ойлы жігіттердің барлығын тізіп тұрып әлеуметтік желіде оқырмандарыма көрсетуден тайынбаймын дейді.
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
-Мен инстаграм парақшасына бес алты адамның хатын, қоймаған соң, мен айтамын «балапан қоя ғой, бара ғой менің сен сияқты балам бар. Сау бол да демал» деп. Жоқ қоймағаннан кейін мен оны скринь жасаймын. Содан кейін саламын, содан кейін жазамын. Одан да мына жас қыздарға үйлен де, мені тойға шақыр ән айтып берейін деген сияқты.
Ал, Сара Амангелді альфонстарды өмірде де талай жолықтырдым дейді. Тіпті, бикеш, олардың психологиясын да зерттеп көріпті.
Сара Амангелді, әнші:
-Негізі ондай кісілерді көргенмін. Мен ондай кісілерге «не обращаю внимания». Ол кісілер ашық болады да, кішкене құтыршақ деген сияқты, «сәлем» деп, ондай балалар көрініп тұрады қандай оймен. «Альфонс» деген ана жаққа, мына жаққа қарап жүрген жігіттер.
Гүлназ Жоланова «альфонстарға» алданбаудың тәсілін тапқан. Актриса өзіне сезімін білдірген серілердің хаттарын да оқымаймын дейді. Тіпті, сылқым бейтаныс жігіттермен араласпауға тырысатын көрінеді.
Гүлназ Жоланова, актриса:
-Дайрект біріншіден оқымаймын. Екіншіден менің жеке өмірім, сондай араласатын адамдарым аз. Өзім сенетін адамдарым және де жаңа таныстармен жаңа адамдармен өте сирек танысамын.
Балжан Бидаш жас болса да, өзінен кіші жігіттердің арбауына түсіп қалғанын жасырмайды. Бұдан сабақ алған экс-кешьюлік бикеш, «альфонстардан» абай болуға шақырады.
BIDASH, әнші:
-Сақтана алмайсың мысалы. Аңқау емес қыздардың өзі, жігіттерге алданып қалып жатыр да. Бір қыздың тағдырын құртып, сондай тірлікке барып мысалы. Ертең алдынан шығады. Жігіттер ондай істемей-ақ қойыңдар!