Рүстем Әбдіраш жас жұбайы Мадина Есманованың жұлдызын жақты ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кино өнімге продюсерлік етіп немесе режиссерлік креслода отырып, жұбайларынан жұлдыз жасағандар аз емес. Мәселен, Қайрат Нұртас келіншегінің актерлік шеберлігін көпке паш етемін деп «Арман. Когда ангелы спят» фильмін арнайы тапсырыспен таспалатқанды.

Жұлдыз Әбдікәрімова – Қ. Нұртастың жұбайы, актриса

- Қайратқа күйеуге шыққанда мен бірге ән айтамын сахнаға деп шыққан жоқпын. Ең бастысы осы отбасына келін болып, осы отбасында балалы-шағалы болып, ұрпақ әкелсем деп тидім. Мен мұнда Қайраттың артынан жүремін деп тигенім жоқ.

«Арман. Когда ангелы спят» туындысына режиссерлік еткен Рашид Сүлейменов те Қайрат Нұртастан үлгі алса керек. Жұбайы Әдеміні – таяуда тұсауын кескен «Зеркала» фильмінің екінші пландағы актрисасы етіп бекіткен.

Режиссер фильмінде бой көрсеткен әрбір әртісті қатаң іріктеуден өткізгенін айтады.

Рашид Сүлейменов, режиссер:

– Менің фильміме қатысқан әрбір жұлдыздың актерлік шеберлігі мықты. Әйтпесе, оларды бұл жобаға шақырмас едім.

Дегенмен, тұтас бір команданы басқарып, үлкен жоба жасап отырған Рашид Сүлейменовтың жұбайының бұл әрекеті біраз нәрсені ұқтырғандай. Бәлкім, дәл осылай фильміңе түсемін деп қолқалаған да болар.

Бүркіттің киноөндірістегі тырнақалды туындысында өзі де, Аиша да бой көрсетпеген еді. Бірақ, келесі «Загадай желание» комедиясында жұбайы екеуі ерлі-зайыптыларды сомдады.

Талай тарихи туындының тізгінін ұстаған Рүстем Әбдіраш жас жұбайын әр фильмінде басты рөлге бекітеді. Мадина Есманова «Елбасы жолы» киноэпопеясында Сара Алпысқызын сомдаса, «Қазақ хандығында» Жәнібек ханның бәйбішесі – Жаһанбикені ойнады.