Аружан Жазылбекова «Golden Screen Award» кинобәйгесінде «үздік актриса» атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Аружан Жазылбекова үздік актриса! Талантты кино жұлдыз Лос-Анджелесте «Golden Screen Award» мүсіншесін қанжығасына байлады. Жазылбекованы мұндай атаққа сарапшылар «Композитор» фильміндегі шеберлігі үшін лайық деп таныды.

Еске салсақ, Қытай мен Қазақстан бірлесе таспалаған халықаралық алғашқы ауқымды жобада Аружан басты рөлді сомдаған еді. Жарты жыл бұрын жарық көрген биографиялық лента, екі елдің сазгерлері Бақытжан Байқадамов пен Си Синхайдың оқиғасын баяндайды.

Драмаға Қазақстан атынан Аружан Жазылбекова мен Берік Айтжанов іріктеліп алынған-ды. Бұл актерлерді Қытай халқының киногерлері таңдаған болатын.

Сәбит Құрманбеков, режиссер:

- Бастама Қытай жағынан басталды да сондықтан, біз бұларға кастинг арқылы көп, актерлар көрсеттік. Мұнда бір ерекше әсер еткені «Анаға апарар жол», Ақан Сатаевтің фильмі. Сол жерде Аружанды да көрді. Оның алдында Берік Айтжанов жаңағы президенттің киносына қатысқан соны да көрді. Сол екі актер ұнады.

Ал, «Golden Screen Award» канадалық кинобәйгесі,1976-шы жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Сайыста Аружан «үздік актриса» атанса, Си Синхайдың рөлін сомдаған қытай актері Ху Цзюнь «үздік актер» деп танылды. Оған қоса, «Композитор» фильмінің авторлары «үздік халықаралық жоба» және «үздік саудтрек» аталымы бойынша да топ жарды.