22-жастағы Павлодардық Мадина Батық «Әлем аруы» сұлулық сайысында еліміздің намысын қорғамақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

22 жастағы Павлодардық Мадина Батық «Әлем аруы» атануға құлықты!Ақылына көркі сай сылқым, биыл өткен «Қазақстан аруы» байқауында өзге сұлулардан оза шауып, бас жүлдені еншілеген еді. Енді, міне Мадина әлемдік деңгейдегі конкурсқа барын сала дайындалуда.

Мадина Батық, «Мисс Қазақстан 2019»:

- Бүгін біз «Әлем аруына» арналған соңғы дайындықтарымызды жүргізіп жатырмыз. Қазір мен сахналық көйлектерімді таңдап, өз образымды реттеудемін. 04.18 Негізі «Қазақстан аруы» байқауынан кейін алты ай бойы қарқынды түрде дайындалдық.

Мәселен, соның бірі - Қазақстан туралы «Әлем Аруы – 2019» арналған таныстыру роликтерін әзірлеу болды. Оны таспалау үшін жобаның түсіру тобы күллі Қазақстанның көрікті мекендерін аралаған. Ондағы міндет – кең-байтақ қазақ жерінің тұмса табиғатын әлемге таныту.

Мадина Батық, «Мисс Қазақстан 2019»:

- «Әлем аруына» арналған бейнебаянды түсіру үшін Қазақстанның көрікті жерлерін аралап шықтық. Мақсатымыз – Қазақстанды таныту және сол арқылы туризмді дамыту. Мен үшін бұл үлкен мәртебе.

«Менің отаным кең-байтақ әрі көркем! Оның сұлулығын бүкіл әлем менің көзіммен көріп, өзгелердің елімізді дәл мен сияқты сүйгенін қалаймын» дейді Мадина. Ол үшін сылқым, барын салатынын айтуда.

Мадина Батық, «Мисс Қазақстан 2019»:

- Бір аптадан кейін мен «Әлем аруы» финалының дайындығына барамын. 00.48 Байқау бірнеше кезеңдерден тұрады. Оның ішінде қайырымдылық, спорттық, әлеуметтік шаралар. Халықтың қолдауының арқасында жеңіске жетемін деп үміттенемін.

«Әлем аруы» байқауы 14-желтоқсан Ұлыбританияның Лондон қаласында өтпек. Еске салсақ, аталмыш конкурсты тікелей эфир арқылы әлемнің 200- елі, яғни 2,8 миллиардтан астам көрермен тамашалмақ.