Сұраныстағы серілер! Ауқымды аудитория жинай алатын қай әншілер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әзірге Диас Аблаев өз алдына отау тігуді жоспарламаса да, жеке кешін өткізуге асық. Дегенмен, Әли Оқапов сынды лық толы залды жинай алар ма екен?

Құйқылжыта ән салғаны өз алдына бір төбе, талай хитті тудырған сазгерлігі жайлы сағаттап талқылауға тағы болады! Табиғаты бөлек Ғазизхан Шекербеков үшін Республика сарайын ине шаншар жер қалдырмай, көрерменге толтыру еш қиындық туғызбады. Тіпті, жақындарына билет тауып бере алмай абдырағаны да бар.
Ғазизхан Шекербеков, әнші:

-Билетің бар ма дейді. Мен досымның нөмірін жіберіп қойғанмын. Аналар маған қайта звондайды «жоқ» - деп жатыр ғой деп. Мен концертке дайындаламын ба, не билет іздеймін ба, басында кішкене ашуландым.

Әбдіжаппар Әлқожа, Нұрболат Абдуллин, Қуандық Рахым! Бүгінгінің хитмендері де таяуда Республика сарайында есеп беру кештерін өткізген еді. Оларға да көрермен жинау – оп-оңай болған сынды! Аудиторияларының ауқымды екеніне ешкім күмән келтіре қоймас.

Ернар Айдар атын әлі ешкім білмей тұрған шақта, Алматының бас сахнасында кеш өткізіп айды аспаннан бірақ шығарған әнші! Содан бері, Ернар талай концерт өткізді. Таяуда, тіпті 12 мың орындық Алматы арена сахнасында есеп бермек.

Әнші ретінде әбден толыстым деді ме Әлішер Кәрімов 15 жылдық есеп беру кешін екі күнге ұластырды! Таяуда сері, Республика сарайының сахнасында тыңдарманына кеш ұсынады. Концерт залын екі күнге жалға алу үшін 10 миллионнан аса қаржы төлейтінін ескерсек, әншінің қалтасы біраз қағылатын ұқсайды. Бұдан бөлек, декорация, командаға төлейтін шығыны да шаш етектен.

Бірақ, серіні қаржы мәселесенен бұрын, концертке мінсіз дайындық көбірек толғандырады. Мұндай жауапты шаралар алдында мүсінін қалыпқа келтіріп, рухани дайындалатыны бар.

Әлішер Каримов – әнші:

-Арнайы диетада отырдым. Өйткені, өзіме қиын болды. Көп концерттер беремін жанды дауыста. Көп билеймін. Сондықтан, артық салмақ кедергі боп қалады сахнада. Сондықтан, салмақты арнайы тастадым. Диетада отырдым 40 күн.