Innovator Awards – 2019!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қызыл кілемге костюм шалбар кию – бүгінгі сәнқойлар үшін тренд дерсің! Нью-Йорктегі заманауи өнер мұражайында өткен WSJ Innovator Awards мерекесіне Ирина Шейк, Ким Кардашьян және анасы Крис Дженнерлер дәл осындай лукта келді. 64-ті алқымдаған Кардашьян әулетінің отанасынмен бірге сүйіктісі Кори Гэмблом да бой көрсетті.

Шара The Wall Street Journal-ның ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтеді. Басылым жылдың инноваторларын ұлықтайды.

Кештің бас жұлдыздарының бірі – Канье Уэст пен Ким Кардашьянды дәл осы жылы өз саласында жаңалығымен таңдай қақтырды дей алмаспыз. Дегенмен, қызыл кілемдегі образдары біраз фэшн сыншыларға азық болғаны анық.

Джиджи Хадидтің қарапайым бірақ аса стильді көк көйлегі де көптің талқысында.

Джулиана Мурдың образы жұртты аса таңқалдыра қойған жоқ. Бірақ, актриса көштің соңында қалып қоймағанына сенімді.

Джулианна Мур, актриса:

- Актриса болған соң, әрқашан көрерменді таңдандырып отыруың керек. Әйтпесе, саған деген қызығушылық азаяды. Дегенмен, мен қатырып шаруа тындырдым деп айта алмаймын. Бірақ, көптің назарындамын.