Скарлет Йохансон болса, көздің жауын алатын көк көйлегімен көптің талқысында! Актриса, Лос-Анджелесте «Сәтсіз неке» картинасының тұсауын кесті. Премьерада төбе көрсеткен ол, айтулы шараға «Louis Vuitton» үлгісінде жұлдыздай жарқырады.
Ал, арнайы жолақта актрисаны Адам Драйвер бір сәт те жалғыз қалдырмады. Еске салсақ, киногер фильмде сылқымның күйеуі рөлінде. Сондай-ақ, қызыл кілемнен Лора Дерн де табылды.
Скарлетт Йохансон, актриса:
- Кейіпкерімнің мінезі мен жан-дүниесі маған қарағанда қиынырақ. Бірақ, мен оны түсінуге тырыстым. Көрерменге жеткізе алдым деп үміттенемін.
Сюжет бойынша Скарлетт сүйіктісімен ажырасып, ауыр күйзеліске түседі. Кейіннен, отбасы үшін өз мансабына нүкте қойған кейіпкер, жарымен ажырасу туралы шешім қабылдайды. Лента, ауыр сәттерді бастан өткерген жұптың сезімдері негізінде құрылған.