Анджелина Джоли түсірілім алаңында оққа ұша жаздады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Канар аралдарында тура түсірілім уақтысында бомба жарылып кете жаздады. Бұл кезде Анджелина Джоли өзінің кезекті сахнасына дайындалып отырған. Оны залалсыздандыруға арнайы мамандар шақыртылып, Энджиды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары жедел жүргізілген. Кейін анықталғандай, жарылғыш зат ІІ дүние жүзілік соғыстан қалған болып шықты.

2018 жылдың шілдесінде 27 жастағы Деми Ловато есірткіні шектен тыс пайдаланғандықтан, уланып ауруханаға түскен болатын. 3 ай ем алған Деми, «көп нәрсені түсініп, біраз дүниенің байыбына бара алдым» дейді. Зиянды әрекеттерден бас тартқан әртіс: «Бүгінде айнаға қарап жеңімпазды емес, қиындықтармен күресе алатын жауынгерді көремін» деп сұқбат берген. Енді ол «шығармашылығымды шындап қолға аламын» деп отыр.

Деми Мур мен Эштон Катчер арасындағы махаббат дастанына нүкте қойылар емес. Жабылған кітаптың парағын қайта ашқан актрисаның тұңғышы Румер Уиллис. Батыстық БАҚ-қа берген сұқбатында, анасының Эштоннан бала босануына қарсы болғанын, тіпті шақалақтың 6 айлығында шетінеп кеткеніне қуанғанын жеткізген. Сонымен қатар Румер, Демимен ара-қатынасының қиындап кеткенін, жәй ғана отырып сөйлесе алмайтындарын айтқан. Бірақ ол: «осыған қарамастан бәрін қалпына келтіруге тырысып жүрмін» дейді.