Әли Оқапов Алматыдағы алғашқы жеке кешіне дайындалуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Концертті өткізе сала, Оқапов үйленудің қамына кіріспек!

Нұрсұлтан Есжан, тілші:

Әли Оқапов Алматы қаласында алғашқы жеке кешін өткізбек! Өнер өкілі дәл қазір жауапты концертке барын сала дайындалуда. Әншінің әзірлігі қандай екенін білу үшін, біз де бүгін репетицияға келдік.

Әли Оқапов, әнші:

– Кеш жарық! Әли қалайсың, кедергі жасамадық па?

- Жоқ, бәрі жоспардағыдай.

- «НТК» арнасы репетицияларыңа қонаққа келді.

- Қош келдіңіздер. Шынымен де дайындық қызуда, дәл қазір талқылап жатырмыз, қалай не істейтінімізді.

– Жақсы Әли, әзірге саған кедергі келтірмей тұра тұрайық. Дайындықты жалғастыра берсеңдер болады.

Еске салсақ, бишілермен барын сала дайындыққа кіріскен Оқаповтың бұл алғашқы жеке концерті емес. Алайда, бүгінгі кештің әнші үшін орны мүлде бөлек. Біріншіден, туған қаласы Алматыда өткізілсе, екіншіден, шара ауқымы болмақ.

– Алматы қаласында алғаш рет жеке кешіңді берейін деп жатырсың. Қобалжу бар ма?

- Әрине, бар. Біріншіден ол жәй ғана концерт емес қой, ол есеп беру.

– Негізі үлкен халық әртістері, мәдениет қайраткерлері мен халықтың алдында есеп беруім керек деп айтып жатады. Қаншалықты сол маңызды. Өнер адамдарына есеп беріп тұру керек пе?

- Міндетті түрде. Себебі, қабылдайтын комиссия ол халық. Сондықтан оның алдында есеп бермесең, кімнің алдында есеп бересің дегендей.

-Айтқым келгені енді, жас әртістердің көзқарасы бөлек қой. Ал қазір шағын алаңқайларда да беруге болады.

-Республика Сарайын таңдағынымның себебі сол, халықтың санында емес, тіпті одан да үлкен концерттік залдар бар ғой. Бірақ, дәл сол Респбулика Сарайы біз үшін ерекше киелі жер.

-Жақсы, шығынға келер болсақ, менің естуімше жалға 5,5 млн теңгеге береді. Қаншалықты рас?

- Шынымен де шамасы солай, енді оның ішінде әртүрлі нұсқаулар бар. Соған қатысты бағасы да өзгере береді.

Айтпақшы, кеш барысында Оқапов Батырхан Шүкеновтың рухыны арнап, ән арнауды да ұмытпапты. Алайда, кеште ұсынылатан тосынсый бұл ғана емес.

Айтылып еді, отбасылық суретте, бейнематериалдар болады деп. Тасқын ағаға өлең арнала ма?

- Иә, иә әрине. Міндетті түрде, өйткені менің концертімнің бір бөлігі естелік деп аталады және еске аларлық, маңызды дүниелердің барлығын көрсетеміз, ұсынамыз. Сондықтан, әрине әкемді еске аламыз.

– Және де Роза апай айта кеткен болатын, сен әкеңе тартқансың деп. Қалай ойлайсың, сенің бойыңды әкеңнің қандай қасиеті бар?

- Түр келбетім ұқсайды. Екіншіден, мінез жағынан қатты тартқанмын дейді анам. Барлығын әкем үйреткендей жасап жүрмін. Әкем қалдырып кеткен мұрасын пайдаланып, ол жайлы мен тіпті әлі күнге дейін білмеген ақпараттарды естіп жүрмін, достарынан. Сондықтан солардың жолдаулары бойынша, барлығы дұрыс бағытта келе жатқан сияқты.

Еске салсақ, Әли ұсынған кеш қарашаның 9-ына жоспарлануда. Ал, концертті ойдағыдай өткізген соң, Оқапов келесі қадам – үйленудің қамына кірісетінін айтты.

–Оны көп созбай 30-ға дейін шешіп тастауды ойлап жүрмін. Мен қазір 28-демін. Екі-ақ жылым қалды. Сондықтан, кім біледі бәлкім келесі жылы. Болмаса одан кейінгі жылы дегендей. Одан артық кете алмаймын, жасым да келді, уақыт та келді, анам да күтіп жүр. Сондықтан, оның бәрін бұйыртса жақын арада шешерміз.

- Алматыдағы Әли Оақповтың жеке кешінен кейін, дүркіреген той күтеміз!