Әлемдегі ең танымал компаниялардың бірі - Coca-Cola – жыл сайын бүкіл Еуропада ауқымды музыкалық фестивальдер өткізеді. Себебі музыка, жастар және көтеріңкі көңіл-күй – брендтың ажырамас бір бөлігі.
Айсара Бисенова, @ais.tv
- Дәл қазір мен Coca-Cola ұйымдастырып отырған «Coke & Мusic» фестиваліндемін! Еске салсақ, бұл осындай форматтағы Қазақстандағы тұңғыш шара боламақ! Ал, санаулы сәттен кейін сахнада танымал өнерпаздар бірінен-кейін бірі тоқтаусыз ән салмақ! Барып не болып жатқанын көрейік.
Мадина Акбиева, Coca-Cola CIS:
- Кока-коланың дәстүріне сай, біз әрдайым адамдарға бақыт сыйлаймыз. «Coke & Мusic» ауқымды шара. Жуырды ғана біз оны Өзбекстанда өткіздік, енді бұл үрдісті Қазақстанда жалғастырмақпыз.
Ал, ауқымды концерт басталғанша, шараға жиналған жұртшылық арнайы алаңқайда уақыттарын қызықты өткізді. Тегін таратылған кола-кола сусыны мен қызықты ойындар, қонақтардың көңіл-күйін көтере түскендей!
- Ал, мына жерде өте ерекше сайыс болып жатыр екен. Жігіттер кім ұтып жатыр?
– Біз.
- «Coke & Мusic» фэст экология тақырыбын да назардан тыс қалдырмақ емес. Мәселен, мына пластикалық бөтелкені осында тастап, қайта өңдеуге жібере аламыз.
– Қыздар жігіттер, кешіріңдер. Көңіл-күйлерің қалай? – Күшті- Кімді тыңдауға келдіңдер?
– Рауф, Файк.
– Қандай өлеңін білесің?
– Вальс деген өлеңін.
– Айтып бере аласың ба?
– Иә.
- Керемет, қошеметтеріңіз.
– Сәлеметсіздер ме! Амансыздар ма? Қалдарыңыз қалай?
– Көңіл күйлерің қалай?
– Керемет, керемет.
– Кімді тыңдауға келдіңдер?
– Тима Белорусских.
– Қандай өлеңін білесіңдерма?
– Мокрые кроссы. Айтып бере аласыңдар ма?
– Иә.
16 000 адамдық стадионды лық толтырған фестивальде ине шаншар орын жоқ. Осылайша кумирлерін көруге асыққан тыңдарман, көп ұзамай өнерпаздардың өзімен де қауышты. «Coke & Мusic» ән кешінде бірінші болып Limba сахнадан табылды.
Жас әншінің ізін ала, «Moldanazar» тобы, Тима Белорусских, Hammali & Navai, Rauf & Faiк бірінен кейін бірі, тоқтаусыз өнер көрсетті.
Әсем ән мен сүйікті сусынды тоғыстырған «Coke & Мusic» фестивалі осылайша, өз мәресіне жетті. Шараға жиналған жұртшылық, мұндай кеш бұрын-соңды болмаған деп, тарқасты. Ұйымдастырушылар тобының көздегені де осы еді.
Асад Ширинов, Қазақстандағы Coca-Cola өкілдігінің басшысы:
-Көңілдерін көтерсін деген мақсатпен, фестивальді жастарға арнадық. Алматыда тұңғыш рет, осындай ауқымды шара ұйымдастырғанымызға қуаныштымыз. Шара енді дәстүрге айналмақ. Болашақта да өз жалғасын табатын болады.
Қазақстанда Coca-Cola ұйымдастырған – «Coke & Мusic» шарасы – осы күздің басты оқиғасына айналды десек, қателеспейміз. Ауқымы жағынан ол өзге халықаралық музыкалық фестивальдерден асып түспесе, кем емес. Coca-Cola дәстүрден жаңылмай, өз фанаттарына жаһандық деңгейге сай ивент ұсынды.