Отандық жұлдыздар жаңа смартфондарымен бірге фотоға түсіп, желіге жарыса жүктеуде! Елімізде алғаш болып, айфон алған өнерпаздар көшін Динара Сәтжан бастады. Сэлфиге келгенде, ішер асын жерге қоятын тележүргізуше телефонының камерасы ұнаған.
Енді сэлфилерім бұрынғыдан да мықтырақ болады. Одан бөлек, слоуфи яғни баяулатылған сэлфи түсіре аламын.
Мақтанғым келіп тұр! Дәл осылай деген Жания Джуринская да, жаңа гаджетімен елдің қызғанышын оятқысы келгендей. Сылқым, смартфонның «жасыл» түсін таңдапты.
Кешьюлік арулар, әріптесінің бұл қылығын мүлде ерсі көрмейді. Реті келсе, арулар да миллиондаған бағасына қарамастан, ең соңғы үлгідегі айфонды алуға құлықты.
«Кешью» тобы:
- Тренд қуалағанда енді әрине, сапалы нәрсе дейді ғой, ұстағымыз келеді. Сондықтан, соңғы шыққан үлгілерді қарап жүреміз.
Осылайша, кей жұлдыздар тренд емес, бренд болғандықтан эпл компаниясының жаңа өніміне деген құштарлығын түсіндірді. Айтпақшы, отандық вайнерлер арасынан да, қымбат телефонды уысына түсіргендер көп болды.
Блогер Ержан Рашев та айфон алуға асыққан әріптестерін, сынаудан аулақ. Біріншіден, өнер өкіліннің өзі де телефонын жаңартуды көздеп жүрсе, екіншісіден бұл заман талабы дейді ол.
Ержан Рашев, блогер:
- Жыл сайын жаңа флагман шығады, жыл сайын осы жағдай. Жұлдыздар ең жаңасын алуға асық. Өзім де солардың қатарынан екенімді жасырмаймын.