Мәскеулік бомондтың бұл жолы басын қосқан GQ журналының дәстүрлі марапаты. Тіпті, екі күннен соң тұрмысқа шығуға әзірленіп жатқан Ксения Собчак пен болашақ күйеуі Константин Богомолов та айтулы шараны назардан тыс қалдырмаған. Ал, кештің жүргізішісі әдеттегідей – Иван Ургант! Қызыл кілем салтанатының дресс-коды Black Tie деп арнайы белгіленбесе де, көпшілік классикалық қара түсті, кештің тематикасына сай деп тапқан. Сонымен, үздіктер кімдер? «Жыл жаңалығы» деп журнал Покрас Лампасты таныды! Футуристикалық каллиграфияның патшасы деген бейресми атағы бар жас суретшінің еңбектері бүгінгі қоғамды өзгертті дейді басылым. «Жыл спортшысы» - Александр Овечкин! Дегенмен, хоккеист айы-күні жетіп отырған жұбайын жалғыз тастап, марапаттау салтанатына келе алмаған. «Үздік актер» ретінде Павел Деревянко таңдалды! Иван Урганттың бұл қалжыңын шыбын шаққан құрлы көрмеген Филипп Киркоровқа «мәңгілік құндылықтар» арнайы жүлдесі табыс етілді.
- На улице минус 55! И это Колыма! Дәл осы атышулы деректі фильм Юрий Дудьтің қоржынына GQ мүсіншесінің үшінші данасын салды! «Экрандағы бейне» номинациясымен марпаталған сері – медиа тұлғаларға өз үндеуін жолдады.
Юрий Дудь – журналист
-Елімізде кезекті бір бассыздық орын алса, осында отырғандардың көпшілігі бұған бұлданар еді. Бірақ, ол ойын ашық жеткізуге жасқанады. Өтінемін, үнсіз қалмаңыздар! Ойыңызды бұқпай ортаға салыңызшы! Дудьтың бұл әңгімесі Face-ке майдай жаққандай! «Жыл музыканты» номинациясын қанжығалай тұрып, рэпер оның әрбір сөзін қос қолдап құптайтынын жеткізді. GQ – дің «Жыл адамы» әрі «үздік режиссер» атақтары - Кирилл Серебренниковке бұйырды. Мемлекет қаржысын жымқырды деген айыптаумен бір жыл бойы үйқамақта отырса да, «Гоголь-центр» театрында бірнеше спектакль қойып үлгерген режиссердің еңбегін басылым ерлікке балады.