Отандық киносүйер қауым, өткен уик-эндтің ең үздік фильмдерін анықтады. Көрермен көңілінен шығып топ жарған картиналар үштігін назарларыңызға ұсынамыз.
Кассалық табысымен қөш бастаған – «Оно» фильмінің екінші бөлімі. Үрейлі фэнтези алғашқы аптада-ақ 467 млн теңгеден аса пайдаға кенелген-ді. АҚШ пен Канада бірігіп түсірген туындының жалғасы, 27 жылдан кейінгі оқиғаны суреттейді.
Стивен Кингтің романы желісінде таспаланған фильм, АҚШ-тың өзінде 91 млн доллар қаржы тапқан көрінеді. Әлемдік киносарапшылардың оң бағасын алған лентаның сюжет желісі, сол баяғы клоунның оралуымен өрбиді.
Тағы бір хоррор үздіктер қатарында. 37 млн-ға жуық кіріс көріп, екінші сатыға жайғасқан «Мен іздеймін» лентасы, жас қалыңдықтың оқиғасына негізделген.
«Періштенің құлдырауы» триллері 24 млн теңгемен үштікті түйіндейді. Актер Джерард Батлер басты ролді сомдаған картина криминалды оқиғаларға толы. Фильмде, Майк Бэннин есімді тыңшы өз кінәсіздігін дәлелдеу қажет. Себебі ол, АҚШ президентіне қастандық жасады деп айыпталып, басты күдікті атанады.