Скарлет Йохансон болса, сүйіктісмен ажырасып, ауыр күйзеліске түсті! Қуанышқа қарай, бұл актрисаның кинодағы күйі ғана. Голливуд жұлдызы Венеция кинофестиваліне «Сәтсіз неке» картинасын ала келген еді. Отбасы үшін өз мансабына нүкте қойған Скарлеттің кейіпкері, айырылысу туралы шешім қабылдайды.
Есесіне, шынайы өмірде Скарлет Йохансон аса бақытты! Актриса фестивальдің қызыл кілемінде «Селин» сән үйінің көйлегінде жұлдыздай жарқырады. Ал, арнайы жолақта актрисаны Адам Драйвер бір сәт те жалғыз қалдырмады. Еске салсақ, киногер фильмде сылқымның күйеуі рөлінде.
Скарлет Иохансон, актриса:
- Адам Драйвер өте талантты актерлардың бірі. Сондықтан, түсірілім жұмыстары аса қиын болған жоқ. Лента көптің көңілінен шығады деп сенемін.
Адам мен Скарлеттің бұл тандеміне қазылар алқасы қандай баға берері қыркүйектің 7-сі күні белгілі болмақ. Фильм, Венеция фестивалінің «Алтын арыстан» жүлдесінен дәмелі.