Төрт жылдығын тойлаған «Ninety one» «Eagles»-ға қандай тосын сый әзірлеп жатыр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, жүргізуші:

- Күллі Eagles әлі де желі арқылы «Ninety one» ұжымына жылы лебіздерін жаудыруда! Қазақ музыкасына төңкеріс әкелген топ, 4 жасқа толып отыр! Одан бөлек, жігіттер жуырда ғана Қазақстан бойынша турнесін аяқтаған еді. Енді, мемберлер қандай тосын сый әзірлемек? 4 жыл ішінде не өзгерді?

21 ән, 14 бейнебаян, дәстүрлі ел ішіндегі турне, топ туралы толықметрлі картина, «Қағаз кеме» телехикаясы. Тіпті, шоу-бизнеске жаңа леп сыйлаған «Ninety one» тарихы деректі фильмнің сюжетіне негіз болған еді. Өзіндік субмәдениет қалыптастырған ұжымның 4 жылда алған асуы, жеткен жетістігі мұнымен шектеліп қалмады. Мемберлер, корейлік «Mamamoo»-мен ортақ ән шырқап, шетелдік сахнаны бағындыруға көшті.

«Ninety one» тобы:

- Осы төрт жылда жеткен топтың ең басты жетістігі қандай деп ойлайсыздар?

– Біз әлі қойған мақсаттарымызға жете қойған жоқпыз. Әлі алда көптеген істелмеген шаруа жетіп жатыр. Бірақ осы 4 жылдың ішінде кішігірім поп мәдениетіне деген, шоу-бизнеске үлесімізді қостық деген ойымыз бар.

– Дебют алғанда, біз Найтни уан құрамында жүріп, біз жеке шығармашылығымызды да дамытамыз деген едіңіздер. Алдағы уақытта біреуіңізді соло әнші ретінде сахнадан көруіміз мүмкін бе? –

- Егер де дайын болса іште біреу, немесе соған уақыт келіп тұрса, бәрі ыңғайлардың бәрі келіп тұрса, әбден мүмкін.

– Ресейде жанкүйерлеріңіз өте көп. Түрлі видеореакцияларын да көріп жүрміз. Сол нарыққа шығатын жоспар бар ма?

– Жалпы бізде жан-жаққа шығатын жоспарымыз бар. Тек қана Ресей емес, жалпы әлемдік нарыққа кіру ойымыз бар. Ең басында Найнти уанның құрылу да, шығу да себебі сол болатын.

Жаһанға тек қазақ тіліндегі туындыларымызбен таныламыз деген мемберлердің, бұл мақсаты расымен орындалып жатқандай. Қазақстан ғана емес, ТМД елдері, Түркия, Корей, тіпті кәрі құрлықта да «Eagles» жетерлік.

- Дәл қазір мен 91 тобынан афтограф алу үшін, еagles қандай жанкештілікке баратынын байқап көрмекпін кеттік!

- «Ninety one» жігіттерінен афтограф алудың өзі бір квест секілді. Мына қолтаңбаны алу үшін, жүздеген еagles таласып, жарты сағат кезекте тұруға тура келді. Енді, олардың қаншылықты нағыз еagles-ға екенін анықтап көрейік!

-Әлемнің туған күні қашан?

– 18-февраль.

– Дұрыс, 18-ақпан.

  • «Ninety one»-фильмі жарық қашан көрді?

– 24 август, тамыз. – Дұрыс.

– «Дофамин» альбомының алғашқы әні қандай?

  • «Аяма».

– Жоқ.

– Дофамин альбомының алғашқы әні?

– «Yeah».

– Біз «Ninety one» тобының ең кішкентай жанкүйерін тауып алдық. Есімің кім?

– Есімім Балым.

– Күшті болып тұрсың бүгін, шашыңды бояуға рұқсат берді ме анаң?

– Папа мен ана.

– Өздері таңдадыма бұл түсті.

-Иә.

– Саған бұл түс ұнайды ма?

– Маған фиолетовый түс ұнайды. Өйткені менің самокатым фиолетовый ғой.

– Күшті болып тұр, шашың әдемі, самокатың да әдемі деп ойлаймын.

– Өткені, баланың клипта шашы фиолетовый ғой.

– Сен де сондай қылып боядың ғой.

– Иә, өйткені мен ол өлеңді қатты ұнатамын.

Ал, дәл осындай түрлі жанкештілікке әзір Eagles-ға , мемберлердің тосын сыйы таусылмақ емес! Камбэк алған «Ninety one»-дықтар жаңа жобалар дайындап жатыр.