Жаз келді, той маусымы ашық! Неке қию салтанатына шақырту алған жанның бас қатырар алғашқы мәселесі – сәнді образ! Әсіресе, бұл тақырып қалыңдықтың құрбысы атанған аруларға өте өзекті. Осы орайда, стилистер арнайы «Ревю» үшін құнды кеңестерімен бөлісті.
Лиза Мухаметшина, «Oh my look» шоу-румының стилисті:
- Қызжолдас болсаңыз, көлемді көйлек таңдаудың қажеті жоқ. Киіміңіз ыңғайлы әрі стильді болса да жеткілікті. Мәселен, мына көйлек. Қалталары бар, тым ұзын емес.
Қысқасы, шамадан тыс тастармен көмкерілген, тым көлемді көйлектер енді трендте емес! Образыңыздың түсі де өте маңызды.
Лиза Мухаметшина, «Oh my look» шоу - румының стилисті:
- Мәселен, мына көйлектің реңкі көк аспанды еске салады. Нәзік түс дер едім. Жаз болған соң, образ таңдауда қара түстерден мейлінше қашық болған жөн.
Түс таңдау тойға жиналған бұрымдылардан қарағанда, серілерге едәуір жеңілірек. Тор немесе жолақты костьм күнделікті өмірге арналса, қошқыл реңк – көбіне күйеу балаға тиесілі.
Ergaly, стилист:
- Ең басты айтып кететін шарт, адамның дене пішіміне сай, костюм, классикалық костюмды таңдау оның ұзындығы, жеңінің ұзындығы орнықты болуы керек. Жалпы айтқан кезде, костюмді киген кезде өзін сері сезінуі керек.
«Өзіңізді сенімді сезінбесеңіз, ол костюмге мүлде жоламағаныңыз абзал» -дейді стилист. Айтпақшы, галстук таңдауда, мынандай қарапайым ережені есте сақтағаныңыз жөн.
Ergaly, стилист:
- Ерлер сәнінде ең басты аксессуар ол - галстук. Оған көп көңіл бөлу керек. Егер де кең денелі жігіт болатын болса, оған жіңішке галстук тағы немесе, жіңішке, арықша адамға жуан галстук тағы ол дөрекі көрінеді. Сондықтан, өз дене келбетіне, өз дене пішіміне сай болуы керек